- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Иордания арасындағы көліктік логистиканы жақсарту қажет – ҚР Президенті
Қазақстан мен Иордания арасындағы көліктік логистиканы жақсарту қажет – ҚР Президенті
«Болашақта Иорданиямен ынтымақтастықты дамытуға мүдделіміз. Біздің елдер арасында сауда және инвестициялық қарым-қатынас орнатылған. Көлiктiң жүру жолының қиындығына байланысты бүгiнгi күнi сауда-саттығымыз төмен деңгейде тұр. Сондықтан, келiссөздер барысында осы мәселенi тағы да атап өттiк. Бүгiнгi кезде Қазақстан-Түрiкменстан-Иран арқылы Парсы шығанағына жол ашылды. Екiншiден, жуырда ғана бiздiң Үкiмет басшысы қол қойып келген Түркиядан Грузия арқылы Бакуге шығып, Бакуден Қазақстанға Каспий теңiзi арқылы келетiн жаңадан жолдың тұсауы кесiлдi. Бұл да Иорданияға баратын жолды жақындатуға мүмкiндiк бередi», - дедi Нұрсұлтан Назарбаев.
ҚР Президенті Қазақстан-Иордания экономикалық қарым-қатынасындағы бірнеше басымдықты атап өтті.
«Бірінші – ауыл шаруашылығы саласындағы әлеует өте жоғары, мәселен, Қазақстан Иорданияға ауыл шаруашылығы тауарларын енгізе алады, ал Иордания көктем мен қыста теміржолдар арқылы көкөніс пен жеміс-жидек енгізе алады. Иорданияның Хикма компаниясы Алматыда фармацевтика зауытының құрылысына енді. Егер барлығы оңтайлы болса, аталмыш саланы дамытамыз. Энергетика саласында Иордания Қазақстан сияқты баламалы түрді дамытуға мүдделі. Әскери-техникалық саладағы ынтымақтастықты жақсарту үшін алдын ала шаралар бар, біз үкіметаралық комиссияға аталмыш мәселелерді шешуді тапсырдық. Иордания делегациясының сапары ынтымақтастықты жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік береді», - деді Н.Назарбаев.
Айта кетейік, Иордания королі Абдалла II ибн Хусейн аль Хашими Астанаға ресми сапармен келген болатын.
Қайрат Жандыбаев
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы