ҚР Президенті Астана процесіндегі Иорданияның рөлін атап өтті

1 Қараша, 2017 14:30
Иордания королінің Қазақстанға ресми сапары аясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астана процесіндегі Иорданияның рөлін атап өтті.

«Біз Иорданияны  Таяу Шығыстағы араб әлемінде   маңызды рөл атқаратын   халықаралық қауымдастықтың басты мүшесі ретінде қарастырамыз. Келер жылдың ақпанында  Қазақстан мен Иордания арасындағы  дипломатиялық қарым-қатынасқа 25 жыл толды. Ширек ғасырда  біз әртүрлі сала бойынша ынтымақтастықты дамыттық.  Бұл Иордания королінің Қазақстанға деген қарым-қатынасының нәтижесінде болып отыр. Иордания королі саясатының  көрегендігінің нәтижесінде Таяу Шығыстағы қауіпсіздік пен тұрақтылық  мәртебесін сақтап тұр», - деді Н.Назарбаев.

Ұлт көшбасшысы Иорданияның Астана процесіндегі  рөлін атап өтті. Астана алаңы өз тиімділігін көрсеткенін айтты.

 «Бүгiн бiз король Абдалланың Қазақстан-Иордания ынтымақтастығының маңызды мәселелерiн талқыладық. Соған орай, мазмұнды әрi жемiстi келiссөздер жүргiздiк деп айтуға болады. Күн тәртiбiнде өзектi халықаралық, өңiрлiк, саясат мәселелерi жөнiнде пiкiр алмастық. Атап айтқанда, Сириядағы шиеленiс, Ирактағы жағдай, Қатар төңiрегiндегi дағдарыс және басқа проблемалар туралы ой бөлiстiк. Сирия дағдарысы қазiргi уақыттың ең iрi шиеленiстердiң бiрi екенiн бiлесiздер. Қазақстан Сирия дағдарысын шешуге бағытталған барлық бастамаларды қолдайды. Астанадағы келiссөздер нәтижесiнде Сириядағы зорлық-зомбылық айтарлықтай азайып, жергiлiктi халықтың бейбiт өмiрге оралуына мүмкiндiк туды. Бiз Иорданияның Астана процесiндегi рөлiн ерекше атап өткiмiз келедi», - дедi Назарбаев.

Айта кетейік, Иордания королі  Абдалла II ибн Хусейн аль-Хашими  Астанаға ресми сапармен келген болатын.

Қайрат Жандыбаев 

Барлық жаңалықтар