- Басты
- Жаңалықтар
- Алматы облысында қант қызылшасынан рекордтық өнім алынады - әкім
Алматы облысында қант қызылшасынан рекордтық өнім алынады - әкім
1 Қараша, 2017 13:41
Алматы облысында биылғы жылы қант қызылшасының алқабы 9 мың гектарға жетті. Одан 350 мың тонна, яғни рекордтық өнім алынады деп жоспарланып отыр. Бұл туралы облыс әкімі Амандық Баталов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг кезінде айтты.
Атап өтсек, Көксу қант зауыты үш жыл қатарынан жаңғыртудан өтті, 10 жыл тоқтап тұрған Ақсу қант зауыты биылғы жылы қалпына келтіріліп, 40 мың тонна қант қызылшасын қабылдады.
«Жетісу» ӘӘК-ні тарта отырып, 18 сервистік дайындау орталықтары құрылды. Осының барлығы қант өндірісіне оң ықпал ететін болады. Заманауи ауыл шаруашылығы техникалары мен элиталық тұқым пайдаланудың нәтижесінде жекелеген шаруа қожалықтарында өнім әр гектарынан 500-700 центнерге дейін жетуде. Сөйтіп, биылғы жылдың өнімі 350 мың тоннаны құрайды деп болжанып отыр.
«35 мың тонна қант алсақ, өңірдің қантқа деген сұранысын толық жаба аламыз. Біздің мақсатымыз – облыстың ғана емес, еліміздің қантқа деген қажеттілігін толық қамтамасыз ету», - деді А. Баталов.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
Ірі салық төлеушілерді салықтық әкімшілендіру ерекшеліктері мен нәтижелері -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Жолдау-2021: Салықтық әкімшілендіруді күшейту шаралары -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда -
Алматы: Тауар айналымы, жөндеу жұмыстары және халықты жұмыспен қамту мәселелері -
Бекшин: Алматыда Covid-19-дың өршу шыңы 10-12 тамызда деп болжанып отыр -
Машина жасау: Автомобиль құрастыру, металл өнімдері және өндіріс көлемі