- Басты
- Жаңалықтар
- Астана процесі өзінің тиімділігін дәлелдеді – Қ.Әбдірахманов
Астана процесі өзінің тиімділігін дәлелдеді – Қ.Әбдірахманов
«Астана алаңы өзінің тиімділігін дәлелдеді. Қазіргі таңда бұл қақтығыстар жоқ аймақтарды құру бойынша жалғыз процесс. Ол аталмыш аймақта өз мүддесі бар Ресей, Түркия, Иран сынды мемлекеттердің басын біріктірген бірегей платформа болып табылады. Біз олардың арасында Астана процесі аясында бір жолға қойылған диалогтың құрылымды екенін көріп отырмыз. Бұдан басқа, бақылаушы АҚШ пен Иордания елдерінің Астана процесінде табысқа қол жеткізуде оң рөл атқарып отырғаны да байқалады. Осы ретте, БҰҰ-ның рөлі ерекше болды», - деп атап өтті Қ. Абдрахманов.
Сыртқы саясат ведомствосы басшысының айтуынша, Астана процессі саяси реттеу бойынша женевалық процесті толығымен қолдайды.
«Біз женевалық процеске табыс тілейміз, Астана женевалық процесті «терроризммен күрес» бағыты бойынша насихаттау жұмыстарын жүргізе алады», - деді Қ.Абдрахманов.
Естеріңізге сала кетейік, Астанада 30-31 қазанда Сирия жөніндегі Астана процесінің жетінші халықаралық жоғарғы деңгейдегі кездесуі өтті. Бұл кездесу Сирияда ұрыс іс-қимылдарын доғару режимін нығайту бойынша қол жеткізілген нәтижелерді сақтауға, сондай-ақ дағдарысты саяси реттеуге өту кезеңінде аталған елдегі жағдайды әрі қарай тұрақтандыру шеңберінде күш-жігерлерді арттыруға бағытталды.
Қайрат Жандыбаев
-
Дәстүрлі форматта оқу процесі қалай өтіп жатыр -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
Арқа төріндегі Арайлы астана жылнамасы -
Кәсіпкер: COVID-19-дан қорғанудың ең тиімді әдісі – вакцина алу -
Тоқаев пpезиденттiгiне – 2 жыл: Қандай маңызды шешiмдеp қабылданды -
Сарапшылар пікірі: «Президент тапсырмасы – адам құқығын қорғау тетіктерін күшейтуге бағытталған» -
Зияткерлік олимпиадалар мен конкурстар өткізу процесіне енгізілген өзгерістер -
«Ауыл – ел бесігі»: Жол, тұрғын үй мәселелері мен білім, денсаулық саласындағы өзгерістер -
Мектеп қауіпсіздігі – маңызды міндет -
Ана мен баланы қорғау – мемлекет дамуының кепілі -
Отан қорғаушылар күні: Егемендіктің қадір-қасиеті – ел тыныштығында -
ҚР Энергетикасы: Электронды аукцион мен өткізу процесін жетілдіру және цифрланатын жобалар