Астанада Иордания королі мен Қазақстан Президенті келіссөздер жүргізді

1 Қараша, 2017 11:49
Иордания королі Абдалла II ибн Хусейн аль-Хашими ресми сапармен Астанаға келді.

«Таяу Шығыс пен  өңірдің   біздің   өңір мен жалпы   әлемде болып жатқан  маңызды оқиғалардағы ерекше рөлін атап өткіміз келеді. Осы орайда  сіздің рөліңіз ерекше.  Елдеріңіздің ерекше рөлі бойынша әкеңіз  жалғастырған  дәстүрді жалғап келесіз. Сіз әлемді  бейбітшілікке шақыратын елшісіз. Біз ядролық қаруға қарсы қозғалыс  көшбасшыларының біріміз, себебі әлемде алғаш болып ірі ядролық қару ошағын жауып, ядролық қарудан бас тартқан  болатынбыз. 29 тамыз БҰҰ-да ядролық қаруға қарсы күн болып атап өтіледі. Осы күні елімізде ядролық қаруға қарсы конференция өтеді.  Елдің рөлін ескере отырып, мен ядролық қаруға қарсы күресте белсенді көзге түскен тұлғаларға сыйлық тағайындадым. №1 Сыйлықты Қазақстан өзіңізге ұсынғанды жөн көрді, сәйкес Жарлыққа да қол қойылды», - деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы айтып өткендей, бұл Иордания үлесінің  еленгені.

«Бұл сіздің еліңіздің үлесі және  Сирия мен Ирактағы жағдайға қарамастан өңірдегі бейбітшілікті насихаттап, халықтардың жақындасуына әрекет ете беретініңізге деген үміт.  Сирия бойынша  Астана процесінде сіздің еліңіздің де рөлі зор. Осы орайда, арнайы комиссия сізге сыйлық тағайындады», - деді Н.Назарбаев.

Арнайы сыйлық табысталған соң, Иордания королі  Н.Назарбаевқа алғыс айтып, Қазақстанда достары мен бауырластарының ортасына келгеніне ризашылығын білдірді.

«Қазақстанға тағы бір мәрте келгеніме қуаныштымын. Арнайы сыйлықтарыңыз үшін алғысымды білдіремін. Иордания халқының атынан  алғыс айтқым келеді. Сіз болашақта екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 25 жыл толады деп айттыңыз. Екі ел арасындағы ынтымақтастық  менің әкем Хусейном ибн Талалдың кезінде басталғанын білемін. Иордания мен бүкіл халықаралық қауымдастық халықаралық аренадағы дауларды реттеудегі үлестеріңізді жоғары бағалайды. Сіздер  бізге үнемі қолдау көрсетесіздер, сондықтан да делегация мен халықтың атынан жеке өзіңізге алғыс айтамын», - деді король.

Қайрат Жандыбаев

Барлық жаңалықтар