4,2 млрд теңге «Рухани Жаңғыру» бағдарламасын іске асыруға бөлінеді

1 Қараша, 2017 11:07
«2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы ағымдағы жылдың үшінші тоқсанының қорытындысы бойынша еліміздің түзетілген Әлеуметтік экономикалық даму болжамы негізінде әзірленді, деді Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов Мәжілістің жалпы отырысында.

Техникалық көмек көрсету рәсімдерін тоқтата тұру туралы Қырғыз Республикасының бастамасын ескере отырып, жұмыс тобында және Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында заң жобасына тиісті түзетулер енгізу туралы ұсыныс қолдау тапты.

«Нақтылап айтқанда, бюджет шығыстары мен тапшылығын 14,1 млрд. теңгеге қысқарту ұсынылды.Аталған түзетулер нәтижесінде ағымдағы жылдың бюджетінің негізгі параметрлері келесі көрсеткіштер арқылы өзгерді.Бюджет түсімдері 62,9 млрд. теңгеге ұлғайып, 9 691,5 млрд. теңгені құрады, олардың ішінде:мұнайлық емес түсімдер жоспарға қарағанда 77,9 млрд.теңгеге өсіп 4 497,2 млрд. Теңгені, мұнай түсімдері 14,9 млрд. теңгеге төмендеп 5 194,2 млрд. теңгені құрады», - деді министр.

Бюджет шығыстары 1 млрд. теңгеге ұлғайып 11 177,4 млрд. теңгені құрады.

«Бюджет тапшылығы 62 млрд. теңгеге төмендеп 1 485,9 млрд. теңгені немесе жалпы ішкі өнімге 2,9%-ті құрады. Бұл экономикалық одақ шеңберінде қабылданған бағдарларға және келесі орта мерзімді кезеңге құрылған жаңа экономикалық саясатқа сәйкес келеді», - деді Б.Сұлтанов.

Бюджеттің шығыс бөлігін түзету үш негізгі бағыт бойынша іске асырылды.

« Мемлекет Басшысының бастамалары мен тапсырмаларын және еліміздің халықаралық міндеттемелерін іске асыру. Олардың ішінде:4,2 млрд. теңге Президенттің Рухани Жаңғыру бойынша бастамасын іске асыруға бөлінеді, 33,1 млрд. теңге əскери және ішкі істер органдарының қызметшілерінің бұрын көтерілген жалақыларын қаржыландыру үшін көзделеді, 22,2 млрд. теңге Назарбаев университетінің 2 және 3 іске қосу кешендеріннің құрылысын аяқтауға және академиялық блокты кеңейтуге бағытталды», - деді министр.

Сондай-ақ, 20 млрд. теңгені Халықаралық Көрмеден кейінгі іс-шараларды өткізуге және ЭКСПО аумағындағы ғимараттарды жаңа офистерге өзгерту жұмыстарын тездетуге жұмсау ұсынылады.

«Ұлттық қордан берілетін нысаналы трансферт есебінен іске асырылатын іс-шаралар мен жобаларды тұзету (73 млрд. теңге).Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару кеңесiнiң шешіміне сәйкес қосымша қаражатты келесі бағыттар бойынша қайта бөлу ұсынылады. Құрық портында паром кешенін салу және әмбебап жүк-жолаушы паромдарын пайдалану жобасының  2-кезегіне - 16,9 млрд. теңге», - деді ол.

Өңдеуші өнеркәсіп жобаларын қаржыландыруды қамтамасыз етуге - 20 млрд. теңге;

Мәселен, нақты сектор бойынша, қайта бөлу 2020 жылға дейін өңірлерді дамыту (14,1 млрд. теңге), агроөнеркәсіп кешенін дамыту (12,5 млрд. теңге), көлік инфрақұрылымын және жылу энергетикасын дамыту

(23 и 11,2 млрд. теңге тиісінше) сияқты бағдарламалар бойынша жүзеге асырылды.

«Әлеуметтік блок бойынша, тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін көрсету (10,3 млрд. теңге), денсаулық сақтау және білім беру объектілерін салу (2,9 млрд. теңге) және мәдениетті дамыту (6 млрд. теңге) сияқты іс-шараларға қайта бөлу жүзеге асырылды», - деді Б.Сұлтанов.

Өңірлерді нығайту бағытына 35,2 млрд. теңге қайта жіберіледі.

Ақбота Күзекбай

Барлық жаңалықтар