• Басты
  • Жаңалықтар
  • СҚО Прокуратурасы мен Кәсіпкерлер палатасы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

СҚО Прокуратурасы мен Кәсіпкерлер палатасы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

13 Қаңтар, 2014 17:38
Солтүстік Қазақстан облысының Прокуратурасы мен Кәсіпкерлер палатасы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, ол әкімшілік кедергілердің азаюына ықпалын тигізеді, деп облыс басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

«Келісілген меморандум әкімшілік кедергілердің санын түсіруге септігін тигізіп, кәсіпкерлердің жұмысын жеңілдетеді. Құзыретті органда ынтымақтастық бойынша тәжірибесі бар, мобильдік топтар «Бизнес тереге» сайтындағы ұсыныстар бойынша қызмет етеді», - делінген хабарламада.

Директор орынбасарының айтуынша, СҚО Кәсіпкерлер палатасының құқықтық сұрақтары бойынша аталмыш келісім бизнестің субъект өзекті сұрақтарын шешуге мүмкіндік береді. Аймақтық деңгейде шешілмейтін сұрақтар ұлттық деңгейге көтеріліп, Үкімет пен ҚР Президентінің жанындағы кәсіпкерлер кеңесіне енгізіледі.

Айта кетерлігі, солтүстік аймақта 22 мың кәсіпкер бар, олардың жұмысын 30 құзырлы орган тексереді.

 

Барлық жаңалықтар