• Басты
  • Жаңалықтар
  • Көкшетау қосымша әуетасымалын ашу бойынша Ресеймен келіссөздер жүргізуде

Көкшетау қосымша әуетасымалын ашу бойынша Ресеймен келіссөздер жүргізуде

1 Қараша, 2017 16:57
Көкшетау әуежайы ресейлік тараппен келіссөздер жүргізуде, оның ішінде Омбы, Түмен, Екатеринбург, Челябі, Сүргүт қалаларының құзыретті органдарымен Көкшетаудан қосымша әуетасымалын ашу бойынша келіссөздер жүргізілді, деп хабарлады Ақмола облысы әкімінің туризм жөніндегі кеңесшісі Марат Иғалиев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Марат Иғалиев өз баяндамасында қосымша әуе бағыттарының  ашылуы Ақмола облысына туристердің ағылуын қамтамасыз етеді, ол өз кезегінде өңірдің туристік кластерін дамытуға мүмкіндік беретінін айтты.

«Қазіргі таңда ресейлік тараппен келіссөздер жүргізілуде. Нәтиже кейін белгілі болады», - деді ол.

«Four Seasons» жобасы Ақмолаға туристерді тарту бойынша жақсы нәтиже әкелді. «Four Seasons» аясында жазғы маусымда «Бурабай-2017» халықаралық регата өткізілді. Онда қатысушылар тек Қзаақстаннан емес, РФ-тан да жиналды. 

Барлық жаңалықтар