- Басты
- Жаңалықтар
- Елордада Сирия жөніндегі Астаналық процестің жетінші раунды қорытындыланды
Елордада Сирия жөніндегі Астаналық процестің жетінші раунды қорытындыланды
Мәлімдемеде деэскалация аймақтары жұмыс жасай бастағаннан бері терроризмге қарсы күресте және ИГИЛ/ДАИШ, «Джабхат ан-Нусры» және басқа да террористік топтарды жоюда қол жеткізген жетістіктер аталған. Құжат Женевадағы БҰҰ қолдауымен саяси реттеуді ілгерілетуге бағытталған күш-жігерді жандандыруға, сондай-ақ Ұлттық диалог конгресін Женева үдерісіне сәйкес өткізу туралы ресейлік бастаманы қарастыруға шақырады. Халықаралық гуманитарлық көмек көрсетуді күшейтудің және ұсталғандарды босату, өлі денелерді қайтару мен жоғалған адамдарды іздестіру сияқты сенім шараларын кеңейтудің маңыздылығы аталды.
«Қол жеткізілген барлық келісімдер толығымен орындалатына сенеміз. Күн тәртібіндегі әрбір мәселе, соның ішінде кепілге алынғандар, ұсталғандар, хабарсыз жоғалған адамдар, гуманитарлық минасыздандыру және Астанадағы келіссөздердің жетінші раундында талқыланған басқа да мәселелер барлық тараптар үшін өте маңызды», - деді Қ.Әбдірахманов. Президент Нұрсұлтан Назарбаев Астаналық процесті толығымен қолдайды және Женевадағы келіссөздер мазмұнды өтетініне сенеді деп қосты Министр.
Пленарлық отырысқа дейін Қазақстан Президенті Н.Назарбаев кепілгер, байқаушы және БҰҰ елдері делегацияларының басшыларын қабылдады. Мемлекет басшысы бүкіл әлем қоғамдастығы Сириядағы қақтығысты тез арада шешуге жоғары қызығушылық білдіретінін атап өтті. Президент атысты тоқтату режимін нығайту, гуманитарлық жағдайды жақсарту және жан-жақты саяси реттеудің маңыздылығын атап өтті.
30-31 қазанда Астанада Иран, Ресей және Түркия сияқты атысты тоқтату режимінің кепілгер елдері делегацияларының, Сирия үкіметі мен қарулы оппозициясының, БҰҰ, АҚШ пен Иорданияның жоғары өкіледерінің қатысуымен Сирия бойынша халықаралық жоғары деңгейдегі кездесу өтті. Тараптар Астаналық процестің аясындағы кезекті сегізінші кездесуді 2017 жылы желтоқсан айының екінші жартысында өткізуге уағдаласты.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді -
Елордада «COVID-19» хореографиялық қойылымы ұсынылды -
Елордада құтқарушылар күні атап өтілді -
Елордада «Ататүрік» саябағы аумағында 350 түп ағаш егілді -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Елордада орта есеппен күн сайын 300 адам ауруханаға түседі -
Елордада КВИ жұқтырғандар саны 2,4 есе артқан -
Елордадағы эпиджағдай: инфекциялық стационарлардың жүктемесі 70%-дан асты