ИИДМБ: Ақмола облысында 959 жұмыс орны ашылды

1 Қараша, 2017 10:51
Ақмола облысында Индустриаландыру картасы жобалары бойынша 20,5 млрд теңгенің тауары өндірілді, 959 жұмыс орны құрылды. Бұл туралы Көкшетауда өткен брифингте Степногор қаласының әкімі Әнуар Күмпекеев мәлімдеді.

Степногор  қаласының  өнеркәсіптік өндірістегі үлесі Ақмола облысы бойынша  17 пайызды құрады. Жалпы, қаңтар-қыркүйек  айларында 66 млрд теңге тауарлық өнім өндірілді.

Әнуар Күмпекеев айтып өткендей, өнеркәсіптік өндірістердің  жұмысын инновациялық  белсенділік өсімі сипаттайды. Инновациялық белсенді кәсіпорындар саны -12, инновациялық белсенділік – 10,3 пайызды құрап отыр.

Өндірілген өнім көлемі 15,9 млрд теңгені құрады. Ол өткен жылмен салыстырғанда 4 есеге көбейген.

«Индустриалды-инновациялық даму аясында  республикалық Индустриаландыру картасы мен кәсіпкерлікті дамыту картасына Ақмола облысы бойынша 16 жоба енгізілді, оның инвестиция көлемі 51 млрд теңгені құрайды, 1,5 мың жұмыс орны құралды», - деді қала әкімі. 

Барлық жаңалықтар