- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Жапония инвестициялар саласында қарым-қатынасты дамытуға ниетті
Қазақстан мен Жапония инвестициялар саласында қарым-қатынасты дамытуға ниетті
Қазақстандық делегацияға ҚР инвестициялар және даму вице-министрі Ерлан Хаиров басшылық етті. Сонымен қатар, форумға ҚР Үкіметінің, ИДМ, «Kazakh Invest» ҰК, облыстық әкімдіктер өкілдері, сондай-ақ қазақстандық кәсіпкерлер қатысты.
Форум қатысушылары Қазақстан – Жапония бизнес қарым-қатынасы саласындағы жетістіктердің нақты мысалдарын, Қазақстан өңірлеріндегі инвестициялық мүмкіндіктерді, Қазақстанның инвестициялық саясат мәселелерін және Жапониямен экономикалық қатынастарды дамыту перспективаларын талқылауда.
ҚР инвестициялар және даму вице-министрі Ерлан Хаиров өз сөзінде Жапония Қазақстанның Шығыс Азиядағы басты стратегиялық серіктестерінің бірі екенін атап өтті. Екі ел арасындағы қатынастар стратегиялық, достық және сенімге негізделген сипатқа ие.
«Бізде сауда-экономикалық ынтымақтастық бойынша үкіметаралық комиссия және іскерлік кеңес жұмыс істейді. 2015 жылдан бастап инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісім әрекет етеді. Бұдан өзге, жапон азаматтары үшін Қазақстанда визасыз режим енгізілген. ҚР мен Токио, Осака қалаларының арасында тікелей әуе қатынасын ашу бойынша нормативтік-құқықтық база құрылды. Осы шаралар іскерлік байланыстардың белсендірілуіне және екі ел арасындағы сауда-экономикалық және әлеуметтік байланыстардың дамуына ықпал етуге мүмкіндік береді. Жапония Қазақстанның ірі инвесторларының бірі. Соңғы 10 жылда Жапониядан Қазақстанға тікелей инвестициялардың түсімі $5,5 млрд құрады», — деп мәлімдеді Ерлан Хаиров.
Вице-министрдің айтуынша, соңғы 10 жылда инвестициялық ахуалды жақсартуға бағытталған мақсатты жұмыстардың арқасында, Қазақстанға тікелей шетел инвестицияларының түсімі шамамен $250 млрд құрады.
Сонымен бірге, вице-министр биыл «бір терезе» қағидасы бойынша идеялардан бастап жүзеге асырылғанға дейін инвестициялық жобаларды сүйемелдеу бойынша қызметтердің толық спектрін қамтамасыз ететін және бірыңғай үйлестіру орталығы ретінде әрекет ететін, Қазақстанға инвестицияларды тартумен айналысатын Kazakh Invest ұлттық компаниясы құрылғанын еске салды.
«Kazakh Invest» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Жандос Нұрланов «Шетелдік инвесторларды тартудың жаңа тәсілі» тақырыбында презентациясын қорғай отырып:
«Жапония технология жағынан неғұрлым дамыған мемлекет. Қазақстан жапон компанияларымен ынтымақтастықты нығайтып, экономикаға жаңа технологиялар мен инвестицияларды тартуға ниетті. Бүгінгі бизнес-форум жапон компанияларының Қазақстан өңірлерімен тікелей инвестициялық өзара әрекеттесуіне жаңа серпін береді деген сенімдеміз», — деді.
Форум алаңында Жапония жақтан саяси және қоғам қайраткерлері, дипломаттар, сарапшылар, Marubeni Corp, METI, NEC, JOGMEC, Tokyo Rope, NYK Group, JETRO және т. б. сияқты 150 астам ірі жапондық компаниялардың басшылары жиналды. Форумға қатысып жатқан жапон компаниялары экономиканың келесі салаларын ұсынады: автомобиль жасау, авиация, ғарышкерлік, электроника, химия өнеркәсібі, қаржы, жылжымайтын мүлік, экспедициялау және жүк тасымалдары, тағам өнеркәсібі, денсаулық сақтау және т.б.
Бұдан өзге, Форум барысында қазақстандық тарап өкілдері көлікке арналған көпқабатты тұрақ орындарын салуға мамандандырылған NH Parking компаниясы, SMBC ірі банкі, Sojitz, Panasonic, Fujifilm сауда корпорациялары сияқты компаниялармен және ұйымдармен, сондай-ақ, өзге де бизнес құрылымдардың өкілдерімен бірқатар В2В кездесулерін өткізіп жатыр.
Қазақстандық делегация сапарының бағдарламасында, сондай-ақ, Haneda Pipe Works Co. болат құбырларын өндіру зауытын, «Mitsubishi Materials» корпорациясын, NEC әлемдегі ірі телекоммуникациялық корпорациясын және Sumitomo, Itochu, Mitsui сияқты белгілі компанияларды аралау шаралары бар.
Сонымен қатар сапар барысында тау-металлургия кешенін дамыту саласында елдердің ынтымақтастығына ерекше назар аударылды. Осы тақырыпқа бөлек шағын форум өткізу, сондай-ақ, JOGMEC мұнай, газ және металдар бойынша жапон ұлттық корпорациясында семинар өткізу көзделген.
Форум қорытындысы бойынша облыс әкімдіктерінің Tokio Rope және т.б. компаниялармен өзара түсіністік туралы меморандум секілді екі елдің ынтымақтастығы жөнінде бірқатар құжаттарға қол қою жоспарланған.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды