- Басты
- Жаңалықтар
- Қарағандыда латын графикасымен жазылған жастарға арналған сайттың тұсауы кесілді
Қарағандыда латын графикасымен жазылған жастарға арналған сайттың тұсауы кесілді
Аймақ әкімдігінен хабарлағандай, сайттың ерекшелігі – ондағы барлық ақпарат латын әрпімен жазылған. Оны құрушылар осылайша латын графикасына көшуге дайын екендерін көрсетуде.
«Жуырда Президент «Қазақ тілінің латын графикасына ауыстыру туралы» жарлыққа қол қойды. Латын әрпіне көшу – қоғамдық сананы жаңғырту идеяларының негіздерінің бірі. Біз оны қолдаймыз. Енді жаңа zhastar09.kz сайтында сіздер ақпаратты латын әрпінде оқи аласыздар», - деп мәлімдеді жастар саясаты басқармасының жетекшісі Мирас Құттыбай саттың тұсаукесер рәсімінде.
Сайт құрастырушылары – Қарағанды облысының балалар және жастар ұйымының одағының айтуынша сайтта көптеген қызықты және пайдалы ақпараттар болады.
Айта кету керек, авторлар тек жастар қауымын ғана емес, сонымен қатар Қарағанды облысындағы жаңалықтарға қызығушылық танытқан дарлық жұртшылықтың назарын аулауға үмітті екендерін айтуда. Жезқазғандық құрастырушы Әлібек Қаратаевбұл жобаны бірнеше ай бойы дайындаған. Сайтта кез келген сөзді немесе мәтінді кирилицадан латын графикасына ауыстыратын атқарым бар. Бұл қосымшаны сонымен қатар qazlatyn.kz сайтынан жүктеп алуға болады.
«Латын әліпбиі – ол тарихи тұғырымызға оралу. Қаулыға қол қойылды, бірақ алда әлі де көптеген жұмыстар күтіп тұр. – 2025-ші жылға дейін еліміз біртіндеп латын әрпіне көше бастайды. Біз өз жұмысымызды латын графикасы ьуралы сөз қозғалған бетте, сәуір айында бастадық. Сол кезде біз санап отырсақ, аймағымызда 2900-ден астам тіл мамандары бар екенін анықтадық, оның 760-ы латын графикасымен таныс екен. Қазір жастар өз сайтын таныстырып отыр көпшілікке, яғни олар Президенттің бағдарламасын қолдайтындарын және жаңа әліпбиге дайын екенін көрсетеді. Біз де бұл бағытта өз жұмыстарымызды жалғастыра береміз», - деді Қарағанды облысының тілдерді дамыту басқармасының жетекшісі Гүлнарайым Қаңтарбекова тұсаукесер салтанатында.
Естеріңізге сала кетейік, 26-шы қазанда Қазақстан Президенті өзінің қаулысымен латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиінің жаңа нұсқасын бекітті.
-
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Өндірістегі жазатайым оқиғалардан болатын өлім-жітім 12,3%-ға төмендеді -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Сарапшы: Жолдауда жастарға қатысты айтылған үш мәселені атады -
IT-стартаптарды қаржыландыруға арналған "Seed money" бағдарламасының шарттары -
Азаматтарға арналған үкімет: ЭЦҚ алуды жеңілдету, автокөлікті қайта тіркеу және цифрландыру -
Бұқаралық спортты дамыту, цифрландыру және 30 жылдыққа орай ұйымдастырылатын шаралар -
2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының ерекшеліктері -
Ахмет Жұбановтың 115 жылдығына арналған концерт онлайн өтті