• Басты
  • Жаңалықтар
  • Е.Сағадиев мектептер мен оқу орындарында латын әліпбиіне көшу туралы: алғашқыда апробация жүргізіледі

Е.Сағадиев мектептер мен оқу орындарында латын әліпбиіне көшу туралы: алғашқыда апробация жүргізіледі

31 Қазан, 2017 15:28
Латын қарпіндегі жаңа әліпби барлық мектептер мен оқу орындарында кезең-кезеңімен енгізілетін болады. Білім беру мекемелерінде бастапқыда байқап көрі мақсатында жаңа әліпби енгізіледі. Бұл турал ОК-да өткен баспасөз конференциясында ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев хабарлады.

«Жұмыс әлі көп, содан соң үлкен апробация жүргізіледі. Менің оймыша ол таңдалынып алынған мектептерде, сыныптарда, студенттік ортада жүргізілетін болады. Апробация барысында біз қандай қиындықтармен бетпе-бет келетінімізді түсінеміз.  Содан кейін ғана ұстаздарды, нөлінші, бірінші сынып мұғалімдерін дайындау басталады. Содан кейін латын әліпбиін өзгертулер енгізу бойынша кесте талқыланатын болады», - деді ҚР БҒМ.

Ол толықтырып кеткендей, барлық кезеңдерде жұмыс барысын талқылауға мүмкіндік беріледі.

«Бұл жұмыстың әр кезеңін оқытушылармен, мектеп диреткорларымен, сарапшылармен талқылап, республикалық комиссияға өз ұсыныстарымызды беретін боламыз. Біздің ойымызша енгізу кезеңі кең ауқымда талқылаудан өтуі тиіс. Бізде еріктілер өте көп, сондықтан апробация лайықты деңгейде өтеді деген ойдамын», - деп атап өтті Ерлан Сағадиев.

Ақбота Күзекбай

Барлық жаңалықтар