Маңғыстауда мал шаруашылығы 12 пайызға артты

1 Қараша, 2017 09:52
Маңғыстау облысы әкімдігінің алға қойған негізгі мақсаттарының бірі Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың жолдауында айтылған аграрлық секторды облыс экономикасының драйверіне айналдыру, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Мал шаруашылығын өткен жылмен салыстырғанданда өңірде өсім бар, яғни мал басы 12,5 пайызға артқан. Мәселен, былтыр (2016ж.) 482 713 болса, биыл (2017ж.) 537 247 құрады. Көш басында Маңғыстау мен Бейнеу аудандары тұр. Асыл тұқымды мал шаруашылығы - сапалы да мол өнім өндірудің көзі.

Қазіргі күні Маңғыстау облысы бойынша 36 асыл тұқымды мал шаруашылығы субъектісі тіркелген. Дәл осы саладағы тауарөндірушілерді мемлекеттік қолдау аясында мал өнімділігін арттыруға облыс бойынша 260 млн. теңге субсидия қаржысы бөлінген. Мал шаруашылығымен айналысам деген азаматтарға жан жақты қолдау көрсетілуде.

Сондай-ақ ол, Бірккен Араб Әмірлігінен жылына 2,5млн бас қойға сұраныс бар. Бұл біздің экспорттық әлеуетімізді арттыруға жол ашатын болады. Сондықтан барлық шопандарды қойды көп өсіруге шақырды. Осы ретте шопан көмекшілеріне ай сайын тұрақты жалақы беріліп тұратынын мәлімдеді.

 

 

Барлық жаңалықтар