- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылорда облысында 2013 жылы кедендік салық пен төлем көлемі 17,3 млрд теңгені құрады
Қызылорда облысында 2013 жылы кедендік салық пен төлем көлемі 17,3 млрд теңгені құрады
13 Қаңтар, 2014 17:31
Қызылорда облысы бойынша кедендік бақылау департаменті 2013 жылдың 12 айында мемлекет бюджетіне 17 млрд. 331 млн. 960 мың теңге кеден баждары мен салықтарын түсіріп, жоспарлы тапсырманы 101,5 пайызға орындады. Төлемдердің негізгі үлесін қосымша құн салығы мен әкету кеден бажы құрайды, деп облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Экспортталған тауарлардың басым үлесін (92 пайызы) мұнай және мұнай өнімдері құрайды, екінші орында сыртқа жөнелтілетін - табиғи уран концентраты (7,1 пайыз)», - делінген хабарламада.
Шет елге тауар экспорттаушы тұлғаларды талдағанда, жер қойнауын пайдаланушы мекемелер үлесі 97 пайызды құрайды. Қалған 3 пайыз басқа тауарларды экспорттаушыларға тиесілі.
Облыстың сыртқы сауда айналымы 1 млрд. 690 млн. 240 АҚШ долларына тең, талдау алдыңғы 2012 жылмен салыстырғанда импорттың 36 пайызға төмендегенін, ал экспорт көлемінің 2 пайызға өскенін көрсетеді.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Ірі салық төлеушілерді салықтық әкімшілендіру ерекшеліктері мен нәтижелері -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері