Әуежолаушылар туралы мәлімет жинайтын «E-freight» жүйесі енгізіледі

31 Қазан, 2017 11:38
Әуежолаушылар туралы мәлімет жинайтын «E-freight» жүйесі енгізіледі . Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді.

«Авиация саласында қағазсыз құжат айналым жүйесін  енгізу жүмысы жүргізілуде. Демек, әуежолаушылар туралы мәлімет жинайтын «E-freight» жүйесі енгізіледі. Ол 20 құжатты  электронды түрде енгізуге мүмкіндік береді. Ақпараттық жүйені енгізу  ұлттық және авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етумен байланысты», - деді Ж. Қасымбек.

Министр айтып өткендей, аталмыш ақпараттық база қолданушылары  құқық қорғау және арнайы органдар.

Сондай-ақ, темір жол саласын цифрландыру бойынша «Пойыздардың қозғалу кестесін жоспарлауды автоматтандыру»  жобасы жүзеге асырылуда.

Тағы екі жоба  2018-2020 жылдары жүзеге асырылады.

«Біріншісі –«Жолдарды цифрландыру  диагностикасы». Екіншісі – «Мультимодальдік тасымалдарды басқару». Тұтынушылардың бірыңғай базасын құру адал клиенттердің  70 пайызға артуымен байланысты», - деді ол.

Ақбота Күзекбай

 

 

 

Барлық жаңалықтар