- Басты
- Жаңалықтар
- Қарағанды облысының 19 нысаны еліміздің киелі жерлері тізіміне енді
Қарағанды облысының 19 нысаны еліміздің киелі жерлері тізіміне енді
Жұмыс тобының отырысына «Қасиетті Қазақстан» өлкетануды дамыту орталығының жетекшісі Берік Әбдіғалиұлы, «Рухани Жаңғыру» жобалық кеңсесінің өкілдері мен өлкетанушылар қатысты. Жиында Қарағанды облысының және жалпы еліміздің киелі жерлерінің бірыңғай картасын құру туралы сөз қозғалды.
«Карта жалпы болады. Республикалық деңгейде киелі деп танылған жерлер бір түспен, аймақтық киелі орындар басқа түспен боялады. Қарағанды обысында бастапқыда 16 киелі жер белгіленеді деп жоспарланған болатын, алайда тұрғындардың және аймақтық Мәдениет басқармасының өкілдерінің ұсынысы бойынша картаға республикалық деңгейдегі - 19 жер және 54 - аймақтық белгіленбек. Барлық киелі жерлер көрсетілген нақты бекітілген тізім жуырда жарияланатын болады», - деді «Қасиетті Қазақстан» өлкетануды дамыту ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі Берік Әбдіғалиұлы.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін тізімге Қарағанды облысы бойынша шамамен 50-ге жуық киелі жерлер енген болатын. Олардың 16-ын республикалық маңызы бар картаға, ал қалғандарын аймақтық деңгейде белгілеу жоспары болған. Алайда кейінрек ол тізімді кеңейту ұйғарылды. Оған Ағыбай батыр мен Бердіқожа батырдың жерленген жерлері, сонымен қатар Тәттімбет пен Мәдидің жерленген мекендері енгізілді. Сонымен қатар республикалық тізімге «Карлаг» саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мұражайы мен Теміртаудағы бірінші президент мұражайы кіргізілді.
«Сондықтан ең алдымен бұл жерлердің мәдени құндылығын насихаттауымыз қажет. Жоба бес жылға шақталған. Биылғы жылы ел арасында аса танымал, жалпы ұлттық деңгейдегі 100 нысанды анықтау міндеті тұр алдымызда. Біз ол киелі жерлерді бес санатқа бөлдік: ол табиғи, археологиялық-тарихи, діни ескерткіштер, сондай-ақ ғұлама тарихи тұлғалардың жерленген жерлері мен маңызды тарихи-саяси оқиғалар болған мекендер», - деді Берік Әбдіғалиұлы.
«Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығы мамыр айында мәдениет және спорт министрлігінің жанындағы ҚР Ұлттық мұражайында ашылған болатын. Бұл құрылым Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру үшін пайда болды.
-
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Ірі салық төлеушілерді салықтық әкімшілендіру ерекшеліктері мен нәтижелері -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
Елордада «COVID-19» хореографиялық қойылымы ұсынылды -
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
СOVID-19: Елорда «қызыл» аймақта тұр -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
COVID-19: Сингапурде антиковидтік шаралар күшейтілді, ал Ұлыбританияда коронавирустық жағдайлар 15%-ға артқан -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
COVID-19: Әлемде халықты вакциналау қалай жүріп жатыр