- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Премьер-Министрі Мемлекет басшысына 2013 жылдың қорытындысын баяндады
ҚР Премьер-Министрі Мемлекет басшысына 2013 жылдың қорытындысын баяндады
«Мемлекет басшысы «Қазақстан – 2050» стратегиясын орындаудың нақты жолдарын әзірлеудің, сондай-ақ Қашаған мен Қарашығанақ тәрізді ірі жобалар айналасында өндірістік инфрақұрылымдар аясын ұлғайта отырып оларды одан әрі іске асырудың маңыздылығын атап өтті», - делінген хабарламада.
Нұрсұлтан Назарбаев энергетиканы дамытуға, маңызды инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға назар аударды. Бұл орайда Мемлекет басшысы Үкіметтің аса маңызды міндеттері азаматтардың әл-ауқатын арттыру, жұмыспен қамту және қазақстандықтардың әлеуметтік көңіл-күйі жоғары болуын қамтамасыз ету болып қала беретініне тоқталды.
Премьер-Министр 2013 жылдың қорытындысы бойынша экономиканың өсімі 6% болғанын, инвестиция көлемі 6,5%-ға, өнеркәсіп өндірісі 2,3%-ға, құрылыс көлемі 3%-ға, жалпы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру 11,6%-ға ұлғайғанын айтты. Бұған қоса, жұмыссыздық деңгейі 5,2%, инфляция деңгейі 4,8% болды.
Сондай-ақ, С.Ахметов индустрияландыру бағдарламасын іске асырудың келесі кезеңі әзірленіп жатқандығын, онда экономиканың негізгі салаларын әртараптандыруға, кластерлерді дамытуға, сондай-ақ технологиялар мен инновациялар трансфертіне ерекше назар аударылатын айтты.
Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы қаралған мәселелер бойынша бірқатар тапсырмалар берді.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
«Құқықтық мемлекет» ұғымы және Қазақстан -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды