ОҚО-да астық қажетті деңгейде қамтамасыз етілген

31 Қазан, 2017 09:12
«Астық Транс» АҚ мен Оңтүстік Қазақстан облысының ірі жүк қабылдаушылары бидайды астық өңдейтін кәсіпорындарға кепілді жеткізу серіктестігі туралы Меморандумға қол қойды, деп хабарлады «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.

Шымкент жол бөлімшесі ұлттық жүк тасымалдаушысы бастамашылығымен өңірдегі ірі астық жеткізушілер мен теміржолшылар кездесіп, Оңтүстік Қазақстан облысына бидай жеткізу жайын ақылдасты.

 «Қазіргі таңда бидай жеткізу мәселесіндегі өзекті жайлар түпкілікті шешілді. Шымкенте астық тиеген 500 вагон келе жатыр. Алаңдауға еш негіз жоқ. Астық өңдеуші кәсіпорындар қалыпты жұмысын жасап жатыр»,-дейді «Астықтранс» АҚ басшысы Р. Айғайбеков.

Негізінен, астық вагондарымен қамтамасыз ету жеткілікті. «Астық транс» АҚ пайдалануында 5226 астық вагондары тартылған. Олардың ішінде 2251 данасы компанияның өз меншігі болып табылады. 2975-і «Қазтеміртранс» АҚ-дан жалға алынған.

Қазақстандық операторлық компаниялардың өз 1902 астық вагондары бар. «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ басқа көршілес теміржол әкімшіліктерінен көмек ретінде қосымша астық вагондарын тартты.

«Қыркүйекте вагон айналымы едәуір артты. Ішкі бағдарлардағы айналым жоспары 13,5 тәулік болса, іс жүзінде 20 тәулікке жеткізілді. Республикаішілік астық тасымалдау нормативі бір тәулік болса, іс жүзінде элеваторлардағы жүк тиеуді күтуі орташа алғанда бес тәулікке дейін барған»,-дейді Республикадағы ірі астық тасымалдау операторы.

«Демалыс және мереке күндері элеваторлар екі еселік тарифпен жұмыс істейді. Соған байланысты жүк жіберушілер үзіліс жасайды. Сол арқылы вагондардың бос тұрып қалуы ұзайды. Вагондардың бос тұрып қалуы салдарынан оның айналымына зиян келеді. Ол өз кезегінде вагонның берілуі, қабылдауы, келесі жүк жөнелтушілерге берілуі тізбегі өзара келіспегендіктен  үзіледі»,-дейді Р. Айғайбеков.

«Астықтранс» АҚ мен Оңтүстік Қазақстан облысының ірі жүк қабылдаушылары кепілді әлеуметтік маңызды жүктерді жеткізуге Меморандумға қол қойып, уағдаласты. Осы маңызды құжат негізінде жүк жіберушілер экспедиторлармен ай сайын астық жеткізу кестесін келуі тиіс. Ол келісім негізінде 2017 жылғы 1 қарашадан 2018 жылғы 31 мамырға дейін астық тасымалы қызметі атқарылады. «Астықтранс» АҚ астық нарығына қатысушыларға өзара келісім негізіндегі астықты жеткізіп береді.

«Астықтранс» АҚ республикаішілік тасымалдың 90 пайызын атқарады. Өткен жылы ішкі нарыққа 2,77 миллион тонна астық жеткізілген. 2017 жылы 2,76 миллион тонна астық тасымалдау жоспарланып отыр. Жылма жыл орташа алғанда республикаішілік бағдарларға 3 миллион тоннаға жуық астық тасымалданады. Бұған шамамен 45 мың вагон керек.

Барлық жаңалықтар