- Басты
- Жаңалықтар
- Жаңа маусымда аймақтағы телеарналарда 96 бағдарлама шықты - Е.Қарин
Жаңа маусымда аймақтағы телеарналарда 96 бағдарлама шықты - Е.Қарин
Ауқымды ребрендингтің басты мақсаты - корпорацияның барлық құрылымдарын заманауи үлгіде дамытып, мазмұнды, сапалы жобаларды арттыру. Сондай-ақ, «QAZAQSTAN» корпорациясының құрамындағы арналардың атаулары өзгеріп,логотиптердің түстері анықталды.
«Барлық арналардың логотиптеріне өзгеріс енгізіп, әр өңірдің өзіне ғана тән табиғи-географиялық атауларын қолдануды жөн көрдік. Мысалы, бұрын «Қазақстан – Павлодар», «Қазақстан - Қарағанды», «Қазақстан – Қызылорда» және т.б болып аталса, енді «ERTIS», «SARYARQA», «QYZYLORDA» болып өзгерді. Жаңа маусым аясында аймақтық телеарналарда бірқатар жаңа бағдарламалар шыға бастады. Студиялардың дизайны жаңарып, әр түрлі жобалардың саны артты. Жалпы, бұл бастама аймақтардағы телеарналарға жаңа леп, жаңа серпіліс қана беріп қоймай, қазақ телевизиясының заманауи үрдістерге бейімделіп, әрі қарай дамуына жол ашады» - дейді Басқарма төрағасы Ерлан Қарин.
Сонымен, жаңа маусым аясында барлық аймақтағы телеарналарда әр түрлі бағыттағы жалпы саны 96 бағдарлама шығып үлгерді. Сол бағдарламалардың қатарында: білім саласындағы инновациялар мен республикалық, халықаралық олимпиадаларға қатысып, жетістікке жеткен жастар жайлы «ЕРТІС ӨҢІРІНІҢ ЕРЕНДЕРІ», қазақтың ұлттық қолөнеріне арналған «ТАЛҒАМ МЕН ТАНЫМ», ауыл мен қаланың тыныс-тіршілігін салыстыра отырып, ұмыт болып бара жатқан: мал сою, жіліктеу, табақ тарту, қымыз пісіру сияқты қазақы тұрмысты насихаттайтын «БҮК-ШІК» және басқа да көптеген қызықты жобалар бар.
Айта кетейік, осы жылдың 28 тамызында, корпорацияның жаңа телевизиялық маусымы аясында «QAZAQSTAN», «BALAPAN», «QAZSPORT» телеарналары еліміздің мемлекеттік туы түстес ортақ логотиппен бекітіліп, жаңа форматта шыққан болатын. Ұлттық арнада 10-нан астам жаңа жоба көрерменге жол тартты.
Қазақстанның көпшілікке беймәлім тарихы туралы баяндайтын - «Киелі Қазақстан», еліміздің әйгілі адамдары жайлы сыр шертетін - «Ұлы дала ұлағаты» деректі фильмдері, халықаралық музыкалық- «Мен қазақпын», «Silk way star» мегажобалары, табиғаттың тылсым күші мен құдіретін бейнелейтін - «24 сағат табиғат құшағында», кәсіпкерлікті насихаттайтын - «Үміткер», сондай-ақ, қоғамдық-саяси, отбасылық құндылықтарды дәріптейтін, заманның сұранысына сай келетін реалити - шоу жанрындағы бағдарламалар жарық көрді.
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы -
«Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының тізімі жарияланды -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер