- Басты
- Жаңалықтар
- Б. Сағынтаев «Баку — Тбилиси — Карс» бағдарының ашылуына қатысты (ФОТО)
Б. Сағынтаев «Баку — Тбилиси — Карс» бағдарының ашылуына қатысты (ФОТО)
Сондай-ақ, шараға Түркия Президенті Р. Ердоған, Өзбекстан Премьер-Министрі А. Арипов, Грузия Премьер-Министрі Г. Квирикашвили, Тәжікстан көлік министрі Х. Худоерзода, Түркіменстан теміржол көлігі министрі Д. Бяшимов қатысты.
Ашылу барысында «Алтын балдақты» қағу символдық дəстүрі мен теміржол нұсқарын бұру рәсімі, сондай-ақ мемориалдық тақтаны ашу шаралары өтті.
Рrimeminister.kz хабарлауынша, БТК теміржол желісі Транскаспий халықаралық көлік дәлізінің маңызды учаскелерінің бірі, Әзербайжанның, Грузия мен Түркияның теміржол желілерін біріктіреді. Магистральды жүргізу Қазақстанға Қара және Жерорта теңіздеріне жаңа бағдарлардың ашылуына мүмкіндік береді.
«Жаңа теміржол Түркияға шығу арқылы, дәліз бойынша жүк тасымалының географиясын кеңейтуге және 2020 жылға қарай Қазақстан аумағы арқылы транзитпен жылына 2 млн контейнерге дейін тасымалдарға қол жеткізуге жол ашады», - деп атап өтті шараға қатысушылар.
Баку — Тбилиси — Карс жаңа теміржол дәлізінің аумағында «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ мен «Электровоз құрастыру зауыты» шығаратын қазақстандық локомотивтер де қолданылатын болады. Бүгінде бұған нақты мақсаттар қойылған, 10 тепловоз жұмыс істейді, сонымен қатар 2020 жылға дейін Қазақстан Әзербайжанға айнымалы тоқпен жүретін 40 жүк электровозын жеткізеді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді