- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылорда облысында газдандыру жұмысы қарқынды жүзеге асырылуда – әкімдік
Қызылорда облысында газдандыру жұмысы қарқынды жүзеге асырылуда – әкімдік

Облыстың аудан орталықтары мен қала маңындағы елді мекендерді газдандыру «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистралды газ құбырының бойында қарастырылған бұрыптар (отвод) арқылы жүзеге асырылуда.
Осы жылы облыстық бюджеттен 12,2 млн теңге қаржы бөлініп, «Қызылорда қаласындағы «Сырдария өзенінің сол жақ жағалауынан газ тарату желілерін салу» жобасына мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды.
Сондай-ақ «Қызылорда қаласындағы шыны зауытынан АГТС-1БГРП-1 және БГРП-2-ГРП-Наурыз, Махамбетке дейінгі жоғары қысымды 1,2 МПа газ құбырының құрылысы және Махамбет және Наурыз елді-мекендерін кварталішілік газдандыру» жобасының жоба-сметалық құжаттамаларын әзірлеу және мемлекеттік сараптамадан оң қорытындысын алу үшін 103,3 млн. теңге қаржы бөлінді. Қазір жоба бойынша мердігер мекемені анықтау үшін конкурстық жұмыстар жүргізілуде.
Сонымен қатар, «Қызылорда қаласындағы Сырдария өзенінің сол жағалауында газ тарату желілерін салу (1 кезек-ГТП-2 орнатумен АГТС-1-ден 1,2 МПа жоғары қысымды тартылатын газқұбыры) құрылысына облыстық бюджеттен 200 млн. теңге қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде.
Сондай-ақ, Қызылорда-2 АГТС-нен тартылатын газ құбыры арқылы Белкөл кентін газдандыру үшін 378,8 млн. теңге қаржы қаралып, бүгінгі күні 20 шақырым құбыр тартылды. Бұл жыл аяғына дейін Белкөл кенті тұрғындары «көгілдір отын» игілігін көре бастайды деген сөз.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы
-
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады
-
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады
-
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр
-
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда
-
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет
-
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады
-
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары
-
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген
-
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы
-
Индустрияландыру картасы шеңберінде қандай жобалар жүзеге асып жатыр
-
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды
-
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары

