- Басты
- Жаңалықтар
- Мыңдаған ақтөбелік отбасы «Нұрлы жер» бағдарламасының арқасында қоныс тойын өткізеді
Мыңдаған ақтөбелік отбасы «Нұрлы жер» бағдарламасының арқасында қоныс тойын өткізеді
«Президент «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауында «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасын іске асыруды басты міндеттердің бірі ретінде атап өтті. Ақтөбе облысында осы тапсырманы сапалы орындауды қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шаралар қабылдануда», - деп атап өтті Б.Сапарбаев.
Ақтөбе облысы «Нұрлы жер» бағдарламасын іске асыру үшін пилоттық аймақ екенін атап өтелік. Бағдарлама шеңберінде тез тұрғызылатын несиелік жеке үйлердің құрылысы жүріп жатыр. Жобаны іске асыру үшін «Нұр Ақтөбе» жаңа тұрғын үй алабында 111 мың адам тұру үшін 4 200 тұрғын үйге есептелген 1200 гектар жер телімі бөлінді.
Құрылыс сапасы тұрақты бақылауда. Жаңа технологияларды қолдану арқасында бір үй орташа есеппен 2-3 айда салынады, бұл стандартты құрылысқа қарағанда екі есе жылдам. Бірыңғай сәулет стилі сақталады. Тұрғын үйдің бір шаршы метрінің құны 120 мың теңгеден аспайды.
«Биылғы жылдың соңына дейін жалпы ауданы 100 мың шаршы метр болатын кемінде 144 аз қабатты және жеке несиелік тұрғын үй пайдалануға беріледі. Мың отбасы қоныстойын тойлайды, - деп хабарлады облыс әкімі.
Облыста «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасы табысты іске асырылуда. Осы бағдарламаның аясында үстіміздегі жылдың алғашқы тоғыз айында 1,7мың жұмыс орны құрылды, апатты жағдайдағы және үш ауысымдағы оқу орындарын ауыстыратын 16 мектеп салынуда, жалпы құны 2,2 млрд. теңгені құрайтын 10 тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы нысандары жөндеуден өткізіліп жатыр.
«Жылдың соңына дейін «Нұрлы жол» үшін бөлінген қаражат толығымен игеріледі деп күтілуде. Бағдарлама табысты іске асырылады», - деді облыс әкімі.
-
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы -
IT-стартаптарды қаржыландыруға арналған "Seed money" бағдарламасының шарттары -
«Нұрлы жол»: Жолдағы қызмет көрсету нысандары, ақылы жолдар және кадр тапшылығы -
Биыл «Мерейлі отбасы» байқауы мен «Дарын» жастар сыйығын беру қалай ұйымдастырылады -
«Нұрлы жер»: 163 мың отбасы баспаналы болмақ -
30 жыл: Елордада «Болашақ» бағдарламасының түлектерімен кездесу өтті -
Еңбекмин: зейнетақы жүйесі, АӘК және балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау шаралары -
«Жыр алыбы-175»: Жамбыл Жабаевтың мерейтойына орай ұйымдастырылатын шаралар -
Елге өзгеріс әкелмесе, мыңдаған мадаққа толы мақаладан еш қайыр болмайды – Тоқаев -
Жаңа жағдайдағы неке мен отбасы мәселелері -
«Нұрлы жол» бағдарламасы: Көлік-логистика инфрақұрылымының дамуы -
«Birgemiz» қорынан 70 мыңнан астам отбасы атаулы көмек алды -
«Nur Otan» партиясы мен «Birgemiz» қоры отбасыларға тағы 50 000 теңгеден береді