- Басты
- Жаңалықтар
- «ASAR» үшжақты ынтымақтастығы шеңберінде 10 жоба жүзеге асырылатын болады
«ASAR» үшжақты ынтымақтастығы шеңберінде 10 жоба жүзеге асырылатын болады
Өңірлердің ұсыныстары негізінде әлеуметтік бастамалар картасына 87 жоба енгізілген.
Форум жұмысы барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова және ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі аясында кәсіпкерлер тарапынан қолдау тапқан жобалармен танысты.
Жәрмеңкеде әртүрлі бағыт бойынша барлығы 137 жоба ұсынылған. Жәрмеңке ҮЕҰ-дың әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған жобаларын қазақстандық кәсіпкерлерге ұсынуға бірегей мүмкіндік береді.
Айта кетерлігі форумға қатысқан 10 жоба кәсіпкерлер тарапынан қолдау тапты. Атап айтқанда, Атырау облысынан- 5, Астана қаласынан- 1, Батыс Қазақстан облысынан-2, Солтүстік Қазақстан облысынан -1 және Жамбыл облысынан- 1 жоба кәсіпкерлердің қолдауына ие болды.
Мәселен, «Талап» қолданбалы зерттеулер орталығы ұсынған «Open budget. Қазақстан Республикасының ашық бюджеті» жобасына«Mirusdesk Қазақстан» ЖШС қолдау көрсеткен болатын. Аталған жобаның шеңберінде «OpenBudget.kz» онлайн-қызметі құрылады, ол бюджет шығындарына талдау және мониторинг жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді.
Бұдан бөлек, кәсіпкерлер тарапынан «Келешек Атырау» ҚҰ-ның «Венера» эксклюзивті шеберханасын құру жөніндегі жобасы қолдау тапты. Аталған шеберхана мүмкіндігі шектеулі балаларға қолдау көрсету және олардың өмірге деген құлшынысын арттыру мақсатында ашылады. Бұл жобаны «Орда логистик» ЖШС қолдады.
Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық кәсіпкерлер және кез-келген тұлға asar2017.kz сайты арқылы барлық жобалармен танысып, оларды жүзеге асыруға өз үлестерін қоса алады.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері