- Басты
- Жаңалықтар
- Солтүстік Қазақстан облысында 2013 жылы 4,5 мыңнан астам адам «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасына қатысты
Солтүстік Қазақстан облысында 2013 жылы 4,5 мыңнан астам адам «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасына қатысты
«Жол картасы аясында халықтың жұмыспен қамтылу мәселесі шешімін тауып келеді. Бірінші кезекте бұл ТКШ инфрақұрылымын дамыту арқылы орындалуда. Өткен жылы 99 жобада бас-аяғы 1300 адам еңбек етті. Бағдарламаның екінші бағыты аясында жеке кәсіпкерлік бастамалар қолдау табуда», - делінген акиматта.
СҚО жұмыспен қамту координациясы және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, 2013 жылы облыста кәсіпкерлікке қаржылық қолдау көрсету қоры арқылы 291 ауыл тұрғынына жалпы көлемі 600 млн теңге несие берілген. Аталмыш қаражат негізінен мал шаруашылығына бағытталды. Нәтижесінде 136 жұмыс орны ашылды.
Өткен жылы 293 маман оқытудан өткізіліп, соның ішінде 250-і жұмыспен қамтылды. Тағы 510 бағдарлама қатысушысы дайындық үстінде. Жұмыс берушілер тарапынан әлеуметтік жерлерге жұмысқа тұрғызу жұмыстары жоспардан артық орындалды. Мақсат етілген 610 жұмысшының қазіргі саны 952. Ал 1058 адам жастар тәжірибесіне жөнелтілді. Өткен жылғыға қарағанда тұрақты жұмыс тапқан тұрғындар саны үш есеге артық.
Айта кету керек, 2013 жылы 4,5 мыңнан астам адам «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасына қатысты.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды