- Басты
- Жаңалықтар
- Атырауда алғаш рет республикалық «ASAR» үшжақты серіктестік форумы өтуде
Атырауда алғаш рет республикалық «ASAR» үшжақты серіктестік форумы өтуде
Форумның ашылуында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Абдықалықова сөз сөйледі.
«Қазақстанда ҮЕҰ-бизнес-мемлекет форматындағы әлеуметтік серіктестіктің негізі қалыптасқан. Бүгінгі күні мемлекет үшжақты ынтымақтастықты дамыту үшін қажетті жұмыстарды үнемі жетілдіріп отырады. Бірлескен қызмет жаңа идеялар мен технологиялардың қалыптасуына ықпал етеді, бұл қызметтердің сапасын жақсартуға, жұмыс орындарын құруға және халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға серпін болады», - деп атап өтті Гүлшара Әбдіқалықова.
Мемлекеттік хатшының айтуынша, бұл үдеріске Мемлекет басшысы бастамашы болған «Рухани жаңғыру» бағдарламасының оң әсері тиді. Бағдарлама шеңберінде жүзеге асырылып жатқан «Туған жер» жобасы жергілікті тұрғындардың өзекті мәселелерін шешу, ұлттық патриотизмді нығайту жолында азаматтардың, ҮЕҰ мен кәсіпкерлерді біріктірудің маңызды құрамдас бөлігіне айналған.
Форум «ҮЕҰ-бизнес-мемлекет: серіктестіктің жаңа көкжиектері» тақырыбындағы пленарлық сессиямен жалғасын тапты. Сессияға Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев, Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев, «Enactus Kazakhstan» директорлар кеңесінің төрағасы, «Raimbek» компаниясының басшысы Раимбек Баталов, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасының орынбасары Э.Жұмағазиев, сондай-ақ KazENERGY ассоциациясы, Өскемен титан-магний зауыты сияқты алпауыт компаниялардың, бизнес ұйымдардың, 200-ге жуық ҮЕҰ өкілдері қатысуда.
Форум қатысушылары әлеуметтік жобалар мен идеялар онлайн – жәрмеңкесі аясында кәсіпкерлерден қолдау тапқан жобалармен, сондай-ақ «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қалыптастырылған «Әлеуметтік бастамалар картасымен» танысады. Екі күндік форум аясында «Спикер #7» зияткерлік конференциясын, панельдік дискуссиялар, мастер – класстар, интерактивті дәрістер мен семинарлар өткізу жоспарланған.
Форумды ұйымдастырушылар – Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі, Қазақстан Республикасы «Атамекен» кәсіпкерлердің ұлттық палатасы және Атырау облысының әкімдігі. Іс-шара «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасының бөлігі бола отырып, ҮЕҰ, бизнес және мемлекет үшін жыл сайынғы диалогтық алаңға айналмақ.
Форумның серіктестері - «Chevron», «Tengizchevroil», «Raimbek Group» ЖШС, Қазақстан жастар конгресі, «Жастар таңдауы- Атырау» ҚҰ және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес ұйымы.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында қандай мәселелер көтерілді -
А.Балаева: «Astana Media Week» - әлемдік медиа мамандарын біріктіретін жоба -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
«Педагогтардың цифрлық құзыреттілігін дамыту» онлайн оқыту курсы басталды -
30 жыл: ШҚО-да минералды су өндіретін зауыт іске қосылады -
Edtech форумы: Білім беруде инновациялық технологияларды қолдану мәселесі талқыға түсті -
Strategy2050.kz тілшісі «Заманауи білім» республикалық конкурсының жеңімпазы атанды -
EdTech: Қазақстандық білім беру технологиялары форумына тіркелу басталды -
Қазақстан мен Үндістан арасындағы стратегиялық серіктестік пен өзара ынтымақтастық -
ІІМ республикалық “Серт” байқауының жеңімпаздарын марапаттады -
2020 жылғы республикалық бюджеттiң атқарылуы: Пандемия қалай әсер етті