- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылордада апатты тұрғын үйлердің мәселесі толығымен шешіледі
Қызылордада апатты тұрғын үйлердің мәселесі толығымен шешіледі
Облыс әкімі Қ.Көшербаев пәтер иелеріне кілттерін табыстап, тұрғындарды қоныс тойымен құттықтады.
«Біз мемлекеттік бағдарламалар аясында салынған үйлермен қатар, жыл сайын апаттық жағдайдағы үйлердің мәселесін де кезең-кезеңімен шешіп келеміз. Бұған дейін апатты деп танылған үйлердің орнына 204 пәтерлік 4 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілген болатын. Бүгін осы игілікті істердің жалғасы ретінде Жаппасбай батыр көшесі мен Титов қыстағындағы жаңа мөлтек ауданда 305 пәтерлік 6 көпқабатты тұрғын үйдің кілтін салтанатты түрде табыстағалы тұрмыз. Нәтижесінде биыл қаладағы апаттық жағдайдағы тұрғын үйлердің мәселесі толығымен шешімін тапты деп айтуымызға болады. Осы игі істердің барлығы - Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында қол жеткізіп отырған ең басты жетістігіміз. «Өз үйім – өлең төсегім» деп, басында жеке баспанасы болуын армандамайтын адам жоқ. Үйлі болса, іші жанға толса екен дейді. Бүгін Сіздер сол армандарыңызға қол жеткіздіңіздер, енді іші сәбидің күміс күлкісіне толсын дейміз», - деді облыс әкімі.
Жаңа қонысқа қол жеткізген тұрғындар ризашылықтарын білдіріп, облыс басшысына алғыстарын жеткізді.
Айта кетуіміз керек, 2013 жылы Қызылорда қаласында 300-ге жуық отбасы тұратын 25 апатты үй болған. Бұл мәселені шешу үшін 6 көппәтерлі тұрғын үйдің жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, өткен жылдары оның 4-еуі пайдалануға берілді. С
оңғы 4 жылда Қызылорда қаласында 14 шағын аудан бой түзеп, тек осы жылдың өзінде 61 көпқабатты үйдің 24-і пайдалануға берілді. Ал соңғы 4,5 жылда өңірдегі құрылыс көлемі 3,5 есеге, облыс орталығында 8 есеге артты.
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
МӘМС: Сақтандырылмаған тұрғындар кімдер және олар қалай тіркеледі -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
Тұрғын үй нарығында тұрақтылық бар ма -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Жамбыл облысы тұрғындарының табысын көбейтуге бағытталған пилоттық жоба қалай іске асуда -
Елорда тұрғындарының 82,5%-ы МӘМС жүйесінде сақтандырылған -
Көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару: Қазақстанда 7 449 жаңа басқару нысаны құрылды -
Елімізде тұрғын үй бағасы неліктен қымбаттады -
ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі -
Edtech форумы: Білім беруде инновациялық технологияларды қолдану мәселесі талқыға түсті