- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР шекарасына қарасты Орынбор автожолының ұзындығы 50 км учаскесі пайдалануға берілді
ҚР шекарасына қарасты Орынбор автожолының ұзындығы 50 км учаскесі пайдалануға берілді
Орынбор облысының губернаторы Юрий Берг улескінің ашылу салтанатына қатысушыларды Орынбор және Ақтөбе облыстарының өміріндегі айтулы оқиғамен құттықтады.
«Бұл жол достық пен ынтымақтастық жолына айналсын», - деді Юрий Берг.
«Мемлекет басшысының бастамасымен Қытай, Қазақстан мен Ресей аумағындағы ірі жоба - ұзындығы 8500 км Батыс Еуропа-Батыс Қытай халықаралық көлік дәлізі құрылысы жүзеге асырылып жатыр. Оның 2800 км Қазақстан аумағында, 2200 км Ресей Федерациясы жерінде орналасады. Бүгін біз Еуропа мен Азияны байланыстыратын, аймақтар арасындағы ынтымақтастықты дамытуға ықпал етеді деген ниетпен улескіні ашып отырмыз. Жол Орынбор және Ақтөбе облыстарының арасындағы онсыз да тығыз және өзара тиімді қарым-қатынастарды нығайтуға қосымша ынталандыру болмақ. Осы жылдың 8 айында, өңірлер арасындағы сауда өткен жылдың осы кезеңіне қарағанда 3 есе көп болды. Арадағы сауда айналымы $ 171,8 млн АҚШ долларын құрады»,-деп атап өтті Бердібек Сапарбаев.
Облыс басшысы бүгінгі күні Ақтөбе-Орск автожолының күрделі жөндеуі жалғастырылып жатқанын айтты. Бұдан басқа, Ақтөбе тарапы Жиренқопа ауылынан Соль-Илецк қаласы арқылы өтетін жолды жөндеуді бастауды жоспарлап отыр.
Аталмыш жобаның да маңызы зор. «Жиренқопа-Первомайское» бақылау-өткізу пунктінің тұрақты жұмыс жасауы 100 мыңға жуық тұрғыны бар 4 ауданның халқы үшін Ресей Федерациясының шекарасына 111 шақырымға дейін транзиттік көлік жолдарын қысқартып, Маңғыстау, Атырау облыстары мен Ақтөбе және Орынбордың бірнеше аудандарының арасындағы өзара сауда көлемін арттырады. Күніне 1000 автокөлікке дейінгі жүк қозғалысы жол бойындағы қызмет көрсету нысандарының 100-ден астам жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Елордада «Ататүрік» саябағы аумағында 350 түп ағаш егілді -
Ядролық сынақтың салдарына баға берілді ме? -
Тамыз айында 854 мыңнан астам адамға АӘК берілді -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Антикор: Жыл басынан бері жемқорлық бойынша 500-ге жуық адам сотталған -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
Strategy2050.kz тілшісі «Заманауи білім» республикалық конкурсының жеңімпазы атанды -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
ҚР экономикасы: Бес айда не өзгерді -
Мүмкіндігі шектеулі жандар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 150 мыңнан астам қызмет алды -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар