• Басты
  • Қарағанды облысында жыл басынан бері 56 ауыл шаруашылық кооперативі құрылды
30 Қазан, 2017 09:52

Қарағанды облысында жыл басынан бері 56 ауыл шаруашылық кооперативі құрылды

Ауылшаруашылық басқармасының басшысы Юржан Бекқожиннің айтуынша ауылшаруашылық өндірісінің дамуына агроөнеркәсіп кешенінде жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалар үлес қосуда, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қарағанды облысында  жыл басынан бері 56 ауыл шаруашылық кооперативі құрылды

Жеке және жұмылдырылған қаражат есебінен барлығы жалпы есептегенде құны 57,6 млрд теңгені құраған 60 жоба жүзеге асырылды. Ауылдарда жұмыспен қамту мәселелеріне ерекше назар аударылуда. Шағын және орта шаруа қожалықтары ауылшаруашылық кооперациясына жұмылдырылуда. Жыл басынан бастап 1-ші қазанға дейін жылдық жоспар бойынша 38 кооперативтердің орнына облысымызда 56 бірлестік құрылған. Оның 25-і сүт өнімдерін және 31-і ет өнімдерін өндірумен айналысады.

Сонымен қатар 7799 бас ірі қара малға шақталған 891 отбасылық мал семірту алаңдары құрылған. Ауылшаруашылық кооперациясына шамамен 2,8 мың ұсақ және жеке меншік қосалқы шаруашылықтар жұмылдырылған. Жаңадан 2112 жұмыс орны құралған. Жалпы есептегенде кооперативтер 530 тонна сүт және 67 тонна ет әзірлеген.

Басты бағыт ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу болып қала береді, Әрбір аудан бойынша біз ҚР Ауылшаруашылық министрлігінің қолдауымен қайта өңдеу өндірістерінің қуаттылық картасын жасадық. Алдағы уақытта 4 сүт өңдейтін және 7 ет өңдейтін өндірісті жаңғыртуды жоспарлап отырмыз.

Қажетті шикізатты фермалар мен кооперативтер қамтамасыз етіп отырады. Нәтижесінде, 2021-ші жылға қарай бір жылдық ет өңдеу көлемі 29 мың тоннаға дейін, сүт өңдеу 73 мың тоннаға дейін өседі деп жоспарлануда. 

Сонымен бірге Юржан Бекқожиннің айтуынша өндірістік өнімдерді сыртқы нарыққа шығаруға да үлкен назар аударылады. Жыл басынан бері жалпы сомасы 42 млн АҚШ долларын құраған 197 мың тонна ауылшаруашылық өнімін экспорттаған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 49%-ға көбірек. Жылдың қорытындысы бойынша экспорт көлемін 204 мың тоннаға ұлғайту жоспары бар. 

2016-шы жылы алғаш рет БАӘ-не 3320 қозы экспортталған, ағымдағы жылы – 1200 бас мас шет ел асырылған. Бұл бағытта жұмыстар жалғастырылады.

Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың басында еліміздің барлық аймақтарында ауылшаруашылық кооперацияларын қолдауға бағытталған түсіндіру кампаниясы басталды. Ауылшаруашылық кооперативтеріне арналған жаңа мемлекеттік көмек механизмдері жұмыс істей бастады. Ел Президенті ҚР Ауылшаруашылық министрлігінің алдына 500 мыңнан астам қосымша шаруалықтарды ауылшаруашылық кооперативтеріне ауқымды түрде жұмылдыру бойынша міндет қойды.

 

 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды