• Басты
  • Жаңалықтар
  • Еуразиялық экономикалық комиссия жанындағы бизнес-диалог 17 консультативтік комитет аясында жұмыс істейді – Т. Жақсылықов

Еуразиялық экономикалық комиссия жанындағы бизнес-диалог 17 консультативтік комитет аясында жұмыс істейді – Т. Жақсылықов

13 Қаңтар, 2014 16:18
Еуразиялық экономикалық комиссия жанындағы бизнес-диалог 17 консультативті комитет аясында жұмыс істейді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз отырысында Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Тимур Жақсылықов мәлімдеді.

«Келісім барысында Ұлттық бизнестің қызығушылығы ескеріледі. Біріншіден, Еуразиялық экономикалық комиссия жанында бизнес – диалог құрылды. Онда кәсіпкерлердің ұлттық палатасы қатысады. Олар консультативтік комитет аясында қатысып отыр, Еуразиялық комиссия аясында олардың 17-сі қатысады. Үйлестіру кеңесінің жұмысында үкіметтік деңгейдегі барлық сұрақтар қарастырылады», - деді вице-министр.

Айта кетерлігі, қазіргі таңда ЕЭК құрылымында 23 департамент қызмет етеді. Олардың жанынан 17 Консультативті комитет құрылды. Мемлекеттік және ұлттық органдардың көмегі арқылы ЕЭК коллегиясының қызметін одан әрі дамытуға бағытталған. ЕЭК Кедендік одақ пен Бірыңғай экономикалық кеңістікті тұрақтандыратын орган, ол 2012 жылдың 2 ақпанынан бастап қызмет істеп келеді.

 

 

 

Барлық жаңалықтар