- Басты
- Жаңалықтар
- ҚазАвтоЖол: республикалық жолдардың құрылысына 10 мыңға жуық жұмысшы тартылған (ФОТО)
ҚазАвтоЖол: республикалық жолдардың құрылысына 10 мыңға жуық жұмысшы тартылған (ФОТО)
«Республикалық маңызы бар учаскелер бойынша жобаларға 10 мыңға жуық құрылысшы тартылды. Сондай-ақ 30 мың жұмыс орны ашылды», - деп хабарлады Ерлан Қалымов.
Бұдан бөлек, ол қазір қандай жолдардың толық пайдаланылуға берілгенін айтып өтті.
«Батыс Еуропа - Батыс Қытай дәлізі бойынша қозғалыс ашылды, жол барлық халықаралық талаптарға жауап береді. Ақтөбе-Орал, Орал-Атырау, Атырау-Бейнеу учаскелері бойынша қозғалыс ашылды. Өткен жылы Астанадан Петропавлға дейінгі жолдар толығымен тапсырылды, сондай-ақ Павлодардан Ресей Федерациясының шекарасына дейінгі жолдар салынды. Ағымдағы жылы жалпы ұзындығы 2 мың км асатын жеті жоба бойынша жұмыстар одан әрі жалғастырылды», - деп атап өтті Ерлан Қалымов.
"ҚазАвтоЖол" желіні дамыту департаментінің директоры бес жыл ішінде барлық жолдарды ашу жоспарланып отырғанын айтты.
«Біз енгізетін басты мәселелердің бірі - интеллектуалдық көлік жүйесі. Тізбектер жалғастырылғаннан кейін Қазақстан үшін жүк ағымы ұлғая түседі », - деп атап өтті спикер.
Ол Теміртау-Қарағанды, Астана-Павлодар учаскелерінде ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатқанын еске салды.
Еске сала кетейік, бүгін "Стратегия" пікірталас клубының кезекті отырысында "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мәселелері талқыланған болатын.
Ақбота Күзекбай
Фото Азамат Әлиевтікі
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Жолдау-2021: Ластану деңгейі жоғары 10 қаладағы атмосфералық ауаны жақсарту шаралары -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
ДСМ: Соңғы екі аптада сырқаттанушылық деңгейі 10% - ға төмендеді -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Антикор: Қылмыстық істер бойынша 110 лауазымды тұлға ұсталды -
Бекшин: Алматыда Covid-19-дың өршу шыңы 10-12 тамызда деп болжанып отыр -
Антикор: Жыл басынан бері жемқорлық бойынша 500-ге жуық адам сотталған