Kaznex Invest Иранда отандық экспорттаушылармен сауда миссиясын өткізеді

13 Қаңтар, 2014 16:04
Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында қазақстандық өндірушілер өз өнімдерін Иранда ұсынып, ірі сатып алушылармен келіссөздер жүргізеді. Отандық компаниялардың ирандық бағыттағы бизнестің дамуына деген жоғарғы ықыласын ескере отырып Ұлттық экспорт агенттігі мен «Kaznex Invest» Тегеранда сауда миссиясын өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды агенттік.

«Екіжақты сауда қатынасын активизациялау келісімі Иран үкіметі тарапынан қолдау тапты. Kaznex Invest кеңсесіндегі кездесуде ТМД елдері бойынша сауда департаменті директорымен Иранның коммерция және сауда министрлігі Ане Дурди Иранпанах екі ел арасындағы сауда қатынасына қызығушылық танытты», - делінген хабарламада.

2012 жылы Қазақстан мен Иран арасындағы сыртқы сауда айналымы 656 млн долларды құрады. Бұл көрсеткіш 2011 жылғыға қарағанда 40% аз. Осы уақыт аралығында Қазақстанның экспорты да 44 пайыз азайып, 600 млн. долларды құрады. Ал 2013 жылдың 9 айы қорытындысы бойынша екі ел арасындағы сауда айналымы 387 млн долларға жетті. 

 

Барлық жаңалықтар