- Басты
- Жаңалықтар
- Үнді компаниясы ШҚО Бұқтырма су қоймасы арқылы көпір салуға дайын
Үнді компаниясы ШҚО Бұқтырма су қоймасы арқылы көпір салуға дайын
Екеуара ынтымақтастық мәселесін ШҚО әкімі Даниал Ахметов пен компания директоры Гоудхама Будхар Рамамурти талқылады. «Shapoorji Pallonji Kazakhstan» әлемдік нарықтағы тәжірибесі мол кәсіпорын, бүгінде алпысқа жуық елмен серіктестік орнатқан. Айта кету керек, өңір үшін маңызды көпірдің жобалық-сметалық құжаты дайын. Жалпы құны 37,4 млрд.теңгені құрайды. Инвесторлардан бөлек мемлекет те аталған жобаға қаржы құюға дайын.
«Әсіресе, денсаулық сақтау саласында үлкен тәжірибелеріңіздің бары қуантады. Қолдағы кейбір жобалар бойынша қажетті құжаттар дайын, танысуларыңызға болады. Шарттары қанағаттандырса, еліміздің заңына сәйкес жұмыс істеп, жобаны жүзеге асыруға кірісейік», - деді облыс әкімі Даниал Ахметов.
Кездесу соңында ШҚО әкімдігі мен «Shapoorji Pallonji Kazakhstan» компаниясы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Оның негізінде Өскеменде Виноградов көшесі мен Семей тас жолы аралығын Ертіс арқылы жалғайтын тағы бір көпір мен өңірдің ірі екі қаласында аурухана салу көзделіп отыр.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
А.Ракишева: Ең төменгі жалақының артуы азаматтардың жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда