- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР ИДМ жаңа ұлттық экспорттық стратегия әзірлеуде
ҚР ИДМ жаңа ұлттық экспорттық стратегия әзірлеуде
«Бүгінгі күні Қазақстан 25 ең ірі экспорттаушы елдің қатарына кіреді. Біз жалпы алғанда өңдеуші секторға жататын 800-ден астам тауарды әлемнің 115 еліне экспорттаймыз. Шет елдерге шығарылатын өнімнің үштен бір бөлігін экономиканың шикізаттық емес секторы құрайды», - деді Т. Тоқтабаев.
Оның айтуынша, жыл басынан бері Қазақстанның өңделген экспорт көлемінің ұлғайғаны байқалады.
«2017 жылғы 7 ай ішінде өңделген тауарлар экспорты өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 26,7% ұлғайып, 8,7 млрд долларды құрады», - деп ақпараттандырды вице-министр.
Осылайша, ол шетелдік нарықтарда Қазақстаннан әкелінетін дайын өнімге сұраныс қалыптасып келе жатқанын айтып өтті. Сонымен қатар, халықаралық нарықтарда жоғары бәсекелестік жағдайларында экспортты мемлекеттік қолдаудың күшеюі де байқалады.
Сондай-ақ вице-министр Қазақстанда қазіргі уақытта индустрияландыру бағдарламасы аясында экспорттаушыларды қолдаудың нақты шаралары көзделгенін хабарлады.
Сонымен қатар, вице-министр шикізаттық емес экспортты қолдау жүйесін құру әлемдік трендтерді ескере отыра тұрақты жетілдіруді талап ететінін атап өтті. Осыған байланысты, Инвестициялар және даму министрлігі жаңа ұлттық экспорттық стратегия әзірлеуге кірісті.
«Бұл стратегияның негізгі элементі бірыңғай үйлестіруші мемлекеттік органмен және бірыңғай оператормен экспортты ынталандыру жүйесі болып табылады. Экспортты ынталандыру жөніндегі функциялар екі бағыт бойынша жүзеге асырылады: қаржылай және қаржылай емес қолдау шаралары», - деп түсіндірді Т.Тоқтабаев.
Оның айтуынша, дамудың стратегиялық бағыттарын Премьер-Министрдің басшылығымен Экспорттық саясат жөніндегі кеңес айқындайды.
«Экспорттық стратегияның қойылған мақсаттарына қол жеткізу үшін экспортты қолдауға бағытталатын қаржыландыруды ұлғайту жоспарлануда. Жалпы, Қазақстанның Ұлттық экспорттық стратегиясының сәтті іске асырылуы 2025 жылға дейін шикізаттық емес экспортты екі есе ұлғайту міндетін орындауға мүмкіндік береді», - деп мәлім етті Т. Тоқтабаев.
Қайрат Жандыбаев
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары