• Басты
  • ЭКСПО-да ұсынылған жобалардың ең көбі Қарағанды облысында жүзеге асырылып жатыр
27 Қазан, 2017 15:13

ЭКСПО-да ұсынылған жобалардың ең көбі Қарағанды облысында жүзеге асырылып жатыр

Қазақстан бойынша әлемдік көрмеде ұсынылған 190 жоба пайдаланылады деп жоспарлануда, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

ЭКСПО-да ұсынылған жобалардың ең көбі Қарағанды облысында жүзеге асырылып жатыр | Strategy2050.kz

Бұл мәліметтер «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ сайтында жарияланды.

Анағұрлым көп жобалар жүзеге асырылатын аймақтардың қатарында: Қарағанды – 35 жоба, Оңтүстік-Қазақстан – 27 жоба, Қызылорда, Ақтөбе және Павлодар облыстары – әрқайсысында 20 жобадан.

Астана қаласы мен Ақмола облысында 16 зерттемелерді іске қосумен айналысуда. ал Алматы облысында 13 инновациялық технологиялар енгізілмек. 

Кейбір аймақтарда ЭКСПО-да ұсынылған технологиялар сұранысқа ие болмай шықты. Осылайша, Батыс-Қазақстан облысында небары 3 жоба іске қосылса, Солтүстік-Қазақстанда – екеу, жәнеде Жамбыл облысында бір жоба ғана. 

Біздің облысымызда жүзеге асырылатын 35 жобаның 7-і іске қосылған немесе енгізу кезеңінде. Жүзеге асырылғандары - Дубовка кентінде электр және жылу қуатын, сондай-ақ органикалық тыңайтқыштарды алу үшін органикалық қалдықтарды өндеуге арналған биогазды құрылғы орнатылды. Сонымен қатар 2015-ші жылы Ынтымақ су қоймасында мини-ГЭС іске қосылды. Оның қуаттылығы 570кВт құрайды.

Өндірілген электр энергиясы «Қарағанды Жарық» желілері арқылы Амангелді кентінің қоғамдық тораптарына жебіреледі. Үшінші жоба – өндірістік қалдықтарды жоғары технология арқылы тазарта отырып, аймағымыздың энергетикалық проблемаларын шешуге мүмкіндік беретін «АBsalut ecology» инновациялық газ тазарту жүйесі. 

Тағы екі жоба жүзеге асырылу барысында: Саран қаласындағы «Күн электр станциясы» және Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің инженерлері ойлап шығарған «Экологиялық таза гидродинамикалық сұйық орта жылытқыштары». 

Сонымен қатар Саранда күн электрстанциясының құрылысы жүріп жатыр. Оның қуаттылығы 100МВт-қа тең болады – бұл көрсеткіш бойынша ол Орталық Азиядағы ең ірі станция болуы тиіс. Жоба толығымен Еуроодақ елдерінің тікелей инвестициясы арқылы қаржыландырылып отыр және ГФР, Чехия және Словакияның жеке және мемлекеттік инвестициялық құрылымдарының қолдауына ие. 

Тағы екі жоба – екінші ұрпақ био отыны және алюмофехральді жылытқыштар – қазіргі кезде тестіден өтуде. Био отын – Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті ғалымдарының зерттемесі.

Оған қоса «Корпорация «Казахмыс», «Kazakhmys Smelting», «Евразиан Фудс», «Dala Mining», «Казгеология» және «ГорКомТранс» секілді алты компания Ұлыбритания, Франция, Финляндия, Словакия, Чехия және тағы да басқа елдердің ғалымдарының 35 технологиялары мен зерттемелерін енгізуге қатысты қызығушылықтарын білдірді.

Негізінен ол қатты тұрмыстық қалдықтарды жою және қайта өңдеу, энергия үнемдеу және энергия тиімділігі, сондай-ақ энергияның балама көздері салаларындағы жобалар.

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды