Бухарестте Қазақ киносының фестивалі өтті

27 Қазан, 2017 19:14
Бухарестте 23-25 қазанда Қазақстан мен Румынияның дипломатиялық қарым-қатынастарының орнауының 25 жылдығына арналған үшінші Қазақ киносының фестивалі өтті, деп хабарлады ҚР СІМ.

Үш күн ішінде белгілі қазақ кинорежиссерлерінің туындылары көрсетілді.  

Фестивальдің салтанатты ашылуында Қазақстанның Румыниядағы елшісі Дәулет Батрашев қазақ кинематографтарымен жақынырақ танысу қазақ халқының тарихымен, мәдениетімен және салт-дәстүрліремін танысуға мүмкіндік береді, осылайша, екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық дамуға едәуір үлес қосады.  

Фестивальдің сәтті өтуі мұндай іс-шаралардың қажеттігін көрсетеді және болашақта осы дәстүрдің сақталатынына мүмкіндік береді.  

Биылғы жылдың қарашасында қазақ киносының алғашқы фестивальдарын Румынияның ең ірі қалалары - Констанца мен Клуж-Напокеде өткізу жоспарланып отыр. 

Алғашқы Қазақ киносының фестивалі Бухарестте 2015 жылғы қарашада өтіп, Қазақ хандығының 550-жылдығына арналған болатын. 

Барлық жаңалықтар