• Басты
  • Латын әліпбиі туралы қоғам өкілдерінің пікірлері
26 Қазан, 2017 18:34

Латын әліпбиі туралы қоғам өкілдерінің пікірлері

Қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуі қайнауы жетіп, халық санасында қорытылып, бүгінгі заман талабынан туындаған бірден бір мәселе. Елбасының алдына екі рет ұсынылған қазақ тілінің латын графикасындағы әліпбиі қоғамның да, халықтың да талқысынан, тіл мамандарының сүзгісінен өтті. Ал бүгін Президент әліпби қабылдауға қатысты Жарлықты дайындауға тапсырма берді. Ал латын әліпбиін қабылдауға қатысты елімізге танымал саясаткерлер, ғалымдар мен қоғам белсенділерінің пікірі қандай екен, өздеріңіз саралап көріңіздер, деп хабарлады baq.kz.

Латын әліпбиі туралы  қоғам өкілдерінің пікірлері | Strategy2050.kz

Шерубай Құрманбайұлы, филология ғылымдарының докторы: Көп апостроф қазақ тіліне біз ойлағандай қолайлы болады деп ойламаймын

«Біріншіден Жарылықты дайындау туралы енді ғана естідім. Және нақты қай нұсқа бекітілетіні әлі нақты айтылған жоқ. Егер соңғы нұсқа қабылданатын болса, тағы біраз сұрақ туындайтын болады. Екіншіден егер екінші нұсқа қабылданатын болса, осы нұсқаны жасаған Елбасыға таныстырғанан кейін ғалымдардың, тіл мамандарының дәйекше түріндегі латын әліпбиіне қатысты айтқан пікірлері, ұсыныстары ескерілді ме, ескерілмеді ме, олардың ұсыныстары бекітілетін нұсқаға ене ме, енбей ме ол жайында бізде әлі ақпарат жоқ. Сондықтан Елбасының Жарлығына сәйкес дайындалатын әліпби нұсқасы бұрынғы талқылауда жатқан әліпби болатын болса, оған қатысты, қабылданған күннің өзінде бірқатар өзгерістерді енгізуге тура келеді. Біз болмасақ та оған уақыт өз өзгерісін әкелетін болады. Әліпбидегі көп апостроф қазақ тіліне біз ойлағандай қолайлы болады деп ойламаймын. Бірақ, қаулы шыққанға дейін де әліпбиді жетілдіре түседі ғой деген үміттеміз.

Ерлан Қарин, саясаттанушы: Қазіргі қабылданып жатқан шешім - еліміздің дамуындағы түбегейлі бетбұрыс

Қалай болғанда да бұл шешуші сәт. Әрине, ұнататындар да ұнатпайтындар да болады, бәрінің көңілінен бірдей шығу мүмкін емес, оны талқылаудың барысында да көрдік. Бұрын айтқанымдай, бірде бір елде тіл реформасы, әліпби ауыстыру мәселесі осындай кең түрде талқыға салынбаған болатын. Дегенмен, қазіргі қабылданып жатқан шешім - еліміздің дамуындағы түбегейлі бетбұрыс. Тіпті бұл тәуелсіздікті иеленгеннен кейінгі тарихи маңыздылығы жағынан екінші үлкен қадам деп айтар едім. Себебі бұл біздің өркениеттік таңдауымыздың нақты көрінісі. Қалғаны өз қолымызда - бүгін латын әліпбиінің қабылдануы ертең ақ бірден оның қолданысқа енгізілетінін білдірмейді. Алда 8 жыл қыруар жұмыс күтіп тұр. 2025 жылға дейін ережесі, әдістемесі дайындалады. Сондықтан, қалғанын ғалымдар асықпай, тиянақты сараптап жасар. Ең бастысы, негізгі бағыт айқындалды!

Айдос Сарым, саясаттанушы: Латынға сөзсіз көшу керек

Латынға сөзсіз көшу керек. Оған ешкім де қарсы емес. Бірақ көшкен соң біржола, парасат-ақылмен, жұрт көңілінен шығатын нұсқаға бірақ көшкен жөн еді. Халық үшін жасалып жатқан дүниені халықтың өзінен сұрау керек негізі.

Егер қазан нұсқасы айна-қатесіз қабылданса, оны да қабылдармыз. Белгілі бір уақытқа дейін солай да болар. Жолы қиын халықпыз ғой.

Əліпби - құран емес. Енді сол əліпбидің реформасы біраз қазақ үшін дайын ұран мен платформа болмақ. Жаңа күрес, жаңа арпалыс басталмақ.

Қазақ аман болсын! Тілі мен əліпбиін жоқтайтын ұрпақ аман болсын! Жүре-бара түзелерміз...

Қанат Әуесбай, ҚР Ақпарат саласының үздігі: Латынға оралу нағыз халықтық жобаға айналды

Латын әліпбиіне өту ұзақ жылдар бойы талқыланып, июі қанып, електен өтіп, тиімділігіне әбден көз жеткен шара. Егемендік алған 90-шы жылдан бері қазақ қоғамына қозғау салған латын әліпбиі мәселесіне орай тәуелсіздігіміздің ширек ғасырында, яғни бүгін нақты нүкте қойылды. Бұл қадамның маңыздылығы туралы ақпарат құралдарында мыңдаған жарияланымдар болды. Меніңше, латын әліпбиі қазақ тілінің модернизациясы іспеттес. Ұлттық сипатымыздың айқын белгісі - ана тіліміздің жаңғыруы деп білемін. Мемлекетіміз үшін маңыздылығы жағынан бұл қадам елорданы кезінде Алматыдан, Астанаға көшіру сияқты стратегиялық мәні аса бір ерекше екені сөзсіз. Әлбетте кез-келген реформа қоғамда қарсы және құптаған түрлі көзқарас туғызатыны заңды. Пікір плюрализмі еліміздегі демократиялық үрдістердің одан әрі беки түсуінің тағы бір айғағы. Ел арасында ұзақ талқыға салынып барып қабылданған латын әліпбиі ендеше нағыз халықтық жоба болды деп айтуға толық негіз бар.

Амангелді Құрметұлы, журналист: Тіл білімі мен ақпараттық технологиялар саласының мамандары әлі де еңбек етуі керек

Латын графикасына негізделген қазақ әліпбиінің қабылдануына қатысты шешім шықты деуге болады. Рас, қоғамдық талқылауға ұсынылған нұсқалардың қай қайсысына да көңіліміз толық толмағаны анық. Дегенмен, бейресми «үтірлі» деп аталып кеткен соңғы нұсқа алдыңғысына қарағанда көш ідгері болатын. Бірақ, бәрібір төрт құбыласы түгел әліпби емес еді. Оның жетілдіретін тұстары мол екенін байқалған. Бірқатар кедергілерге жолығуымыз мүмкін екендігін де аңғарғанбыз. Әсіресе, хэштег жазуда, интернеттегі іздеу желілеріне сәйкестендіруде алдымыздан біраз мәселелер шығуы мүмкін. Сондықтан, сауал көп болған еді. Ақыры осы нұсқа қабылданатын тәрізді. Алайда, қандай да бір құжат арқылы бұл әліпби бекітілгенімен, іс жүзінде латын графикасына көшуімізге әлі бірнеше жыл бар. Сол жылдар ішінде біраз әліпбиді қолданып, сынақтан өткізіп, кем-кетігін түзетерміз деген ойдамын. Тіл білімі мен ақпараттық технологиялар саласының мамандары әлі де еңбек етуі керек. Тізе қоса қимылдайтын шығар деп үміт етемін. Сондықтан, бүгінгі шешімді ең алдымен саяси қадам ретінде ғана қабылдаймын.

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды