- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтауда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Керуен» жәрмеңкесі өтуде
Ақтауда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Керуен» жәрмеңкесі өтуде
Ruh.kz хабарлағандай, жәрмеңкеге еліміздің түкпір-түкпірінен келген он саусағынан өнер тамған шеберлер, қолөнершілер, зергерлер мен суретшілер қатысып жатыр. Олар Елордадағы «Экспо-2017» халықаралық көрмесінің «Этноауыл» мен «Көшпенділер» павильонында өз туындыларын көпке ұсынған.
Шеберлер Маңғыстау, Алматы, Талдықорған, Түркістан, Астана, Орал, Атырау, Ақтөбе қалаларынан келген.
«Рухани жаңғыру» аясында өтіп жатқан жәрмеңкедегі шеберлеріміздің барлығы «Экспо-2017» көрмесіне қатысқан болатын. Оған келе алмаған қаншама халық бар. Сондықтан елді өзіміз аралап шығуға бел будық. Көрме-жәрмеңке «Керуен» деп аталады. Өйткені Біз Ақтау қаласынан бастап, Жаңаөзен, Атырау, Құлсары, Орал, Ақсай, Ақтөбе қалаларын аралап, Астанадан аяқтайтын боламыз. Біз бұл шараны «Экспо-2017» көрмесі басталмастан бұрын Шығыс өңірлерде өткізгенбіз. Оның алдына Оңтүстік Қазақстанда болдық. Енді, халықаралық көрме аяқталды екен деп тоқтап қалмай, Батыс Қазақстанға жолға шықтық. Ақтау бізді өте жылы қарсы алды. Бұл шараны өткізуге қолдау көрсеткен қала, облыс әкімдіктеріне алғысымды айтамын», — дейді көрме ұйымдастырушысы, «Пана-Б» қоғамдық қорының төрайымы Бибігүл Карденова.
Жалпы, республикалық деңгейдегі жәрмеңкеге 25 қолөнерші қатысып жатыр. Солардың бірі – Суретшілер одағының мүшесі Гүлназым Өмірзаққызы. Ол өзімен 30-дан аса жұмысын ала келіпті. Оның ішінде шығармашылық туындылар және кәдесый ретінде дайындалған жұмыстар да бар.
«Мұнда әкелген жұмыстарымыз ата-бабамыздан келе жатқан, бізге аманат болып қалған «бізкесте» өнері бойынша дайындалған. Өзіміз суретші болған соң ұмыт қалдырмай, заманның талабына сай етіп, этно-модерн стилінде картиналар жасаймыз. Бұл өнермен отбасымызбен айналысамыз. Әкем – суретші, анам – қолөнер шебері және әпкем екеуміз осы өнермен айналысып келеміз. Бүгін 30-дан аса жұмысымыз осында тұр. Жібек матаға және теріге күйдіріп салынған туындыларда көбіне шаңырақ, қобыз, төрт-түлік мал, жалпы қазақи дүниелер бейнеленеді», — дейді ол.
Айта кетейік, шымылдығын қазанның 25 көтерген бұл жәрмеңке 29 қазанға дейін жалғасады.
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы -
«Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының тізімі жарияланды -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
IT-стартаптарды қаржыландыруға арналған "Seed money" бағдарламасының шарттары -
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» аясында қандай іс-шаралар атқарылып жатыр -
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» жобасы аясында қандай іс шаралар өтеді