- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан отандық машина жасауды қалай дамытуы керек (ФОТО, ВИДЕО)
Қазақстан отандық машина жасауды қалай дамытуы керек (ФОТО, ВИДЕО)
Сергей Робченко Қазақстан Республикасы аймағында ауыл шаруашылығы техникасын сатуды дамыту мен стратегия әзірлеу, техниканы жүзеге асыруға жауап береді.

Осы орайда ол компания көрмеге қандай техниканың түрлерін жеткізгенін айтты.
«Біз KazAgro көрмесіне қатыстық,, көрмеге қажеттілік туғызатын трактор-2375, ACROS 550 бесінші санатты комбайны мен TORUM жетінші санатты комбайны, өзге техника түрлері жеткізілді», - деді С.Робченко.

Ол көрмеге осы көліктердің не үшін жеткізілгенін түсіндірді.
«Олардың әлеуеті мен қажеттілігі жоғары. 2375 тракторы Қазақстанда танымал техника түрі. Қазақстан аймағында аталмыш техниканы көп құрастырдық, бұрын канадалық өндірістегі техниканы сатсақ, қазіргі техниканың 50 пайызы РФ-та жиналады», - деді ол.

Сергей Робченконың айтуынша, бүгінде астық жинайтын машиналар Қазақстанда танымал әрі қажеттілігі жоғары.

«Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасының әлеуетін дамыту үшін мемлекеттің қолдауы керек. Мәселен, «Ростсельмаштың» өмірлік тәжірибесі мол. Тарихына 88 жыл толды. Біз осы жылдар аралығында өнімдерді дамыту бойынша тәжірибе жинақтады», - деді ол.
Ол айтып өткендей, Қазақстан-Ресей машиналары алты жыл шығарылуда.

«Қазір өнім түрін кеңейтуге Қазақстандағы мемлекеттік қолдаудық ашықтығы әсер етуі мүмкін. Соңғы кезде ауқымды жұмыстар атқарылды. Қазақстан Үкіметі бүгінгі таңда барынша қолдау көрсетіп жатыр. Ростсельмаштың 150-ден астам модификация пішіні бар», - деді департамент басшысы.

ҚР бойынша компанияның сату департаментінің директоры Сергей Робченко нарық тек Қазақстанда ғана емес, өзге елдерде, тіпті Африкаға да шығатынын айтты.

«Ростсельмаш барлық нарықта белсенді дамуда. Біздің ішкі даму бағдарламамасыз бар. Үш нарыққа жыл сайын қол жеткіземіз. Бірнеше жыл қатарынан Солтүстік Америка, Канада елдеріне шығып жүрмыз. Биыл Солтүстік Африка мен ОАР нарығына шықтық. Өз өнімімізді Иранда ілгерілендіріп, Үндістанмен келіссөз жүргізіп жатырмыз. Біз Қытайға шығару бойынша да ауқымды жұмыс жүргіздік», - деді С.Робченко.
Ақбота Күзекбай
Видео: Азамат Әлиев
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді