- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанның сакралды картасына Жамбыл облысынан 8 тарихи-мәдени нысан енгізілді
Қазақстанның сакралды картасына Жамбыл облысынан 8 тарихи-мәдени нысан енгізілді
Сакралды картаға енген нысандар сәулет және археолоогиялық ескерткіштер. Атап айтар болсақ, олар: Тектұрмас кесенесі ХІV ғ., Қарахан кесенесі ХІІ ғ., Айша бибі мазары ХІ-ХІІ ғғ., Бабажы Хатун мазары Х-ХІ ғғ., Байзақ батыр Мәмбетұлының кесенесі, Ақыртас сарай-кешені VІІІ - ІХ ғғ., «Ежелгі Тараз қалашығы» І-ХІХ ғғ, «Меркі-Жайсан ғұрыптық кешені».
Ruh.kz. хабарлағандай, бұдан басқа, облыста туристік кластерді дамыту мен туристерді өңірге тарту мақсатында академик «К.И.Скрябиннің үй-мұражайы» мен Қарахан кесенесі жанында орналасқан «Ортағасырлық мешіт» қайта қалпына келтіріліп, ортағасырлық Ақыртас кешені қайта жаңғыртылды және оған баратын жол жөнделді.
Сонымен қатар, биылғы жылы Бектөбе (7,0 млн), Георгиевск (5,0 млн.), Тамды (7,0 млн.), Саудакент (5,0 млн.) қалашықтарында археологиялық қазба жұмыстары жүргізілуде. Алдағы жылдары осы нысандарға консервация, музеефикациялау жұмыстарын жүргізу және микросакральдық нысандарға енгізу жоспарланып отыр.
Айта кетейік, ғылыми-зерттеу жұмыстары барысында табылған барлық жәдігерлер облыстық тарихи-өлкетану музейінде сақталатын болады.
Бұдан басқа, өткен аптада облыстық жобалық офиске жаңадан «Шу өзені аңғарындағы түркілердің киелі ескерткіштері» атты жобасы ұсынылды. :обаның мақсаты - бүгінгі күнге дейін өз деңгейінде зерттелмеген, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді қажет ететін Жамбыл облысы, Шу өзенінің аңғарында және Меркі елді мекенінен 37 шақырым қашықтықта орналасқан Меркі-Жайсан ескерткіштерінің бұған дейін ашылмаған құпиялары мен сырларын ұғу.
Жоба аясында шет елдік және отандық тюрколог мамандарды тарту арқылы түркілердің өмір салты мен мәдени идеологиясы жайлы жаңа мағлұматтар жинау жұмыстары жүргізілетін болады. Зерттеу барысында тюркология саласындағы әлемнің жетекші мамандарын, яғни Такаши Осава (Жапония), Боталов Сергей (Ресей), Максим Мордовин (Венгрия), Баян Тотев (Болгария), Бекир Дениз және Омер Займоглуларды (Түркия) тарту көзделіп отыр.
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Жамбылдағы жарылыс: себеп пен салдар -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда -
Жамбыл облысы тұрғындарының табысын көбейтуге бағытталған пилоттық жоба қалай іске асуда -
Тоқаев: Өңірлердегі денсаулық сақтау нысандарының жай-күйі көңіл көншітпейді -
Көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару: Қазақстанда 7 449 жаңа басқару нысаны құрылды -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда -
Прездент тапсырмасы: Полиция департаменттеріндегі жедел-тергеу топтарына тергеуші әйелдер енгізілді -
Білім беру нысандарындағы қауіпсіздік шаралары қалай ұйымдастырылып жатыр