- Басты
- Жаңалықтар
- БҚО-да «Рухани жаңғыру» музейі ашылады - Алтай Көлгінов
БҚО-да «Рухани жаңғыру» музейі ашылады - Алтай Көлгінов
«Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында көрсетілген міндеттер өңірімізде жоспарға сай жүзеге асырылып келеді. Латын әліпбиін қолдау, Туған Жер және де бағдарламаның басқа да бағыттарды облыс тұрғындары белсенді қолдайды», - деді сөз басында БҚО әкімі Алтай Көлгінов.
Сонымен қатар, аймақ басшысы қасиетті орындардың тізіміне өңірдегі қандай нысандардың кіргенін атап өтті.
«Облысымыздан Қасиетті орындар тізіміне алдымен ортағасырлық «Жайық» қалашығы мен «Бөкей Ордасы» тарихи-музей кешені кірсе, қазір олардың саны алтауға жетті. Яғни, қосымша Тақсай қорған кешені, (б.з.д VI-V ғ.) Жұмағазы хазірет (ХІХ ғ), Ғұмар Қараш зираты және Жымпитыдағы Алашорда музейі», - деді Алтай Көлгінов.
Ruh.kz хабарлағандай, жыл соңына дейін Батыс Қазақстан облысында «Рухани жаңғыру» атты музей ашылады
«Өңірімізде жыл соңына дейін «Рухани жаңғыру» атты музей ашу жоспарлануда. Өңірімізден Қасиетті Қазақстан тізіміне енген тарихи орындардың көшірмелері, латын тілінде шыққан баспасөз, Алаш мұралары және тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі жетістіктері қамтылмақ. Сонымен қатар, аталған бағдарлама бойынша 20 жоба және 113 кіші жоба жүзеге асырылуда», - деп түйіндеді БҚО әкімі.
-
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
Жақыпбек Алтайұлы, философ, профессор: Абай аты мен мұрасы - қазақтың бренді -
«Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңселері қандай шаралар өткізіп жүр -
«Рухани жаңғыру»: 4 жылда не өзгерді -
Елордада цифрландыру аясында жүзеге асқан жобалар жемқорлықты азайта алды ма -
Балабақшалардағы кезекті азайту: Алматыда балабақшаларда 20 мыңнан астам жаңа орындар ашылады -
Қазақстанда балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секциялары ашылады -
Ұлан Әбішев: «Рухани жаңғыру» аясында ірі істер атқарылып жатыр -
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын одан әрі жандандыру үшін арнайы Жол картасы әзірленбек -
Цифрлы Қазақстан: Пандемия цифрландыру үрдісіне қандай түзетулер енгізді -
17 тамыздан бастап карантиндік шектеу шаралары жеңілдейді: Қандай нысандар ашылады -
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қандай жобалар жүзеге асып жатыр -
Абай175: Ұлы ақын туғaн өңiр туристік нысанға айналды -
Жақыпбек Алтайұлы, философ, профессор: Абай аты мен мұрасы - қазақтың бренді