Қызылорда облысында 2013 жылы қолданысқа берілген нысандар саны көбейді

13 Қаңтар, 2014 14:30
2013 жылы Қызылорда облысында 152 нысан қолданысқа берілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 есеге жоғары, деп облыстың құрылыс басқармасы хабарлады.

«Қолданысқа берілген нысан  ішінде 23-і білім беру мекемелері (19 мектеп, 4 балабақша), 16 – денсаулық сақтау нысаны (3 емхана, 11 амбулатория, 2 фельдшер-акушерлік пункт). Мәдениет саласында 8 нысан», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, коммуналдық шаруашылықтың 2 нысаны, бір нысан меморган, қоршаған ортаны қорғау мекемесі мен табиғи-техногенді нысан.

Айта кетерлігі, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 8 нысан салынды.  «Қол жетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша 91 тұрғын үй қолданысқа жіберілді.

Айта кетейік, қорытындысында 2013 жылдың жарты жылдығы бойынша Қызылорда облысы ел бойынша құрылыстың жылдамдығынан бірінші орынды иеленді.

 

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар