• Басты
  • ҚР Әділет министрлігі несиелер бойынша комиссияны алып тастауды жоспарлауда (ВИДЕО)
25 Қазан, 2017 18:09

ҚР Әділет министрлігі несиелер бойынша комиссияны алып тастауды жоспарлауда (ВИДЕО)

Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жүзеге асыру барысы туралы, атап айтсақ, меншікті құқықты қорғау мен әкімшілік құқықбұзушылық заңнаманы гуманизациялау туралы Әділет министрінің орынбасары Зәуреш Баймолдина ОКҚ-да айтқан брифингте.
ҚР Әділет министрлігі несиелер бойынша комиссияны алып тастауды жоспарлауда (ВИДЕО) | Strategy2050.kz

«Біз бүгін  екі  маңызды заң жобасын қарадық. Институт барлығының қызығушылығын тудырып отыр. Әрбір адам  мүлкінің құқығын барынша  қамтамасыз етуге тырысады. Мемлекет басшысы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында Ұлт жоспарының 60 және 61 тармақтарымен көзделген меншік құқығын қорғауды күшейту тұрғысынан заңнамаға ревизия жүргізуді және әкімшілік құқықбұзушылық заңнамасын ізгілендіруді тапсырды.Меншік құқығын күшейту тұрғысынан заңнамаға ревизия жүргізуге қатысты. Біз «Атамекен» ҰКП бірлесе және азаматтық қоғаммен заңнамаға талдау жүргіздік. Біз жеке және заңды тұлғалардың Мемлекеттік органдарға және БАҚ-на меншік құқығын қорғау туралы өтініштеріндегі жиі көтерілетін сұрақтармен мәселелерді зерттедік», - деді З.Баймолдина.

Талдаудың өткізілуі әлеуметтік желілерде, атап айтқанда Facebook платформасында және БАҚ-да кеңінен жарияланды. Осының арқасында әзірлеуге үкіметтік емес сектор өкілдері, сарапшылар және адвокат қауымдастығы өкілдерінің жан-жақты қатысуы мүмкін болды.

«Талдау қорытындысы бойынша 4 топ мәселелер айқындалды, олар бойынша түзетулер әзірленіп, заң жобасына енгізілді: Бірінші топ, ол банктік қарыз шарттары бойынша түзетулерді көздейді. Мысалы, несие беру және қызмет көрсетумен байланысты комиссияларды алуға тыйым салу ұсынылады. Бұл ұсыныстың себебі - аталған операциялар несие беру процесінің құрамдас бөлігі болып табылады. Сондықтан олар бойынша тұлғалардан қосымша комиссиялар алынбау тиіс», - деді ол,

Жеке тұлғалардың қарызының жасанды ұлғаюын болғызбау үшін, жеке тұлғалардың жылжымайтын мүлік ипотекалық шарттары бойынша 6 айлық мерзім өткізіліп алғаннан кейін, банктік проценттердің есептелуіне тыйым салу қарастырылады.

«Министрлік банктік шоттардағы алименттер сомасының нысаналы түрде қолдануын қамтамасыз ету мақсатында, борыш жөнінде банктік қарыз бойынша алименттерді даусыз тәртіппен, оның ішінде төлем талабын қою арқылы өндіріп алуды қолдануға тыйым салуды ұсынды.Бұған қоса, осы топтағы түзетулер шеңберінде кепілге қойылған мүлікті, кепіл берушінің өз бетімен өткізу ережелері көзделген. Бұл өз кезегінде, борышкерді мүлікті мейлінше жоғары бағаға өткізуге ынталандырады және тараптардың мүдделерін ескеруді қамтамасыз етеді», - деді З. Баймолдина.

Екінші топ, жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп алып қою бойынша түзетулерді қамтиды.

«Заң жобасында өтемақыны жер учаскіні нарықтық құнымен төлегенде немесе бағасы бірдей учаскені берген жағдайда жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп алып қоюға жол беріледі», - деді ол.

Қайрат Жандыбаев

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды