- Басты
- Жаңалықтар
- Бизнес-жобалар бойынша байқаудың аясында ауыл тұрғындары қалай жұмысқа орналасады
Бизнес-жобалар бойынша байқаудың аясында ауыл тұрғындары қалай жұмысқа орналасады
«Жұмыспен қамту қызметінің ісін ұйымдастыру» жобасының мақсаты жеке тұлғалар үшін «Бизнес бастамасы» және заңды тұлғалар үшін «Бизнес өсімі» атты екі номинация бойынша «Болашаққа қадам» республикалық байқауын өткізу арқылы ауылда жаңа жұмыс орындарын құру және ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту үшін Қазақстан Республикасының ауыл тұрғындарына өздерінің жобалық бизнес-тәсілдемелерін ауылдық жерлерде жүзеге асыруға мүмкіндік беру болып табылады.
Жоба аясында 144 өтініш қабылданды, оның ішінде байқау комиссиясы финалға 30 үздік жобаларды таңдап алды, олардың 7-уі 500 мыңнан 700 мың тенгеге дейін көлемде қаржылық қолдауға ие болды.
Атап айтар болсақ, олар: Ақтөбе облысынан «Қояндарды өсіру және көбейту» жобасымен Жұмағали Дауылбаев, Алматы облысынан «Қуыршақтар дайындайтын шеберхана» жобасымен Наталья Бугаева, Батыс Қазақстан облысынан «Тауықтар мен қаздар тұқымын өсіру үшін кішігірім құс фермасын құру» жобасымен Жанболат Сахметов, Қостанай облысынан «Құрылыс және сәндеу-өңдеу бұйымдарын дайындау үшін мобильді қалдықтарды ұтымды қайта өңдеу» жобасымен Андрей Зелевский, Маңғыстау облысынан «Қонақ үй қызметтерін ұсыну үшін жол жиегіндегі кешенді жөндеу және жайластыру» жобасымен Дина Баданова, Маңғыстау облысынан «Мақта-матадан тігілген - таза өнім» жобасымен Набия Айлашова, Павлодар облысынан «LONG» автошеберханасы» жобасымен Денис Александров.
Естеріңізге сала кетейік, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ аулы тұрғындары бизнес жобаларға 10 млн теңге сомасында гранттар ұсныды.
Ақбота Күзекбай
-
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Цифрландыру: Елімізде IT-индустриясы қалай дамып жатыр -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Дәстүрлі форматта оқу процесі қалай өтіп жатыр