• Басты
  • БҚО-да шикізаттық емес секторға тартылған инвестиция көлемі 28%-ға артты - Алтай Көлгінов
25 Қазан, 2017 16:48

БҚО-да шикізаттық емес секторға тартылған инвестиция көлемі 28%-ға артты - Алтай Көлгінов

Батыс Қазақстан облысында шикізаттық емес секторға тартылған инвестиция көлемі 28%-ға артып, 58 млрд теңгені құрады. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов ОКҚ-да өткен өңірдің 2017 жылдың 9 айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы мен мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асуы туралы баспасөз конференциясында хабарлады.

БҚО-да шикізаттық емес секторға тартылған инвестиция көлемі  28%-ға артты - Алтай Көлгінов | Strategy2050.kz

«БҚО-да 2017 жылдың 9 айында экономикалық дамуында оң көрсеткіштер байқалуда. Өңірдің жалпы өнімі жарты жылда 11%-ға жоғарылап, 990 млрд теңгені құрады. Өнеркәсіп өнімнің көлемі – 1,4 трлн теңге. Өсім 9,2%-ды құрайды. Өңірімізде құрылыс қарқыны жоғары. Бұл салада 5,4% өсім бар. Өңірдің жалпы өнімі жарты жылда 11 пайызға өсіп, 990 млрд теңгені құрады. Өнеркәсіп өнімнің көлемі – 1,4 трлн теңгені құрады, ал өсім 9,2 % көрсетті. Тау-кен өндірісі 10%-ға (1,2 трлн.теңге), өңдеу өнеркәсібі 3%-ға (114 млрд. теңге) өсті», - деді сөз басында БҚО әкімі Алтай Көлгінов.

Аймақ басшысының айтуынша, облыста құрылыс қарқыны жоғары. Бұл салада 5,4 % өсім бар. Негізгі капиталға инвестиция көлемі 245 млрд. теңгені құрады.

«Индустрияландыру картасы бойынша биыл 10 инвестициялық жоба іске қосылуы жоспарланған, оның жетеуі жүзеге асырылып қойды, қалған ушеуі жыл соңына дейін іске қосылатын болады. Осы жобалардың инвестиция көлемі 8 млрд  теңгені құрап, жаңа 600 жұмыс орны ашылды. Ал, шикізаттық емес секторға тартылған инвестиция көлемі  28%-ға өсіп, 58 млрд теңгені құрады. Өңірде ауыл шаруашылығы саласы да қарқынды дамуда. Биыл егіс өнімі мол жиналды. Мал шаруашылығында да өсім жоғары, мал басының саны 10% -ға артты», - деп толықтырды Алтай Көлгінов.

Жалпы, облыстағы шағын және орта бизнес жалпы өңірлік өнімнің 40% -дан астамын құрады. Бұл сектордағы 38 мыңға жуық субъектіде 114 мыңға жуық адам жұмыс істейді.

Сонымен қатар, мемлекеттік бағдарламалар өңірдің экономикасына оң әсер етіп отыр.

«Президент тапсырмасымен қабылданған «Нұрлы жол» және «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламалары өңір экономикасына оң әсерін тигізіп отыр. Бұл мақсатта Үкіметтің қолдауымен 30 млрд теңгеге жуық қаражат бөлініп, 1700 жұмыс орны ашылды. Коммуналдық инфрақұрылымды жақсарту үшін 215 шақырым су және жылу желілері өткізілуде. Сонымен қатар биыл өңірде 300 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 80%-ға артық», - деп түйіндеді БҚО әкімі.

Мөлдір Асқарқызы

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды