- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда жүк вагонын шығаруды дамыту көзделеді
Қазақстанда жүк вагонын шығаруды дамыту көзделеді
«ҚТЖ» ҰК» АҚ Техникалық орталығы мемлекеттік деңгейдегі, өндірістік сектордағы кәсіпорындардың және жылжымалы құрам меншік иелерінің қолдауымен жүк вагондарын шығаруды дамыту Бағдарламасын жасады.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ Техникалық орталығының директоры Азамат Жанкелдінің айтуынша, аталмыш Бағдарлама қазақстандық жүк вагондарын шығаратын кәсіпорындарға бірыңғай техникалық талаптар қоя отырып, елдің жылжымалы құрамын жаңғыртуды көздейді.
«Жаңа жабық вагондар, жартылай вагондар, цистерна және платформалар Жылжымалы құрамға қатысты Техникалық регламенттеудің міндетті талаптарынан өтіп, сертификатталған соң, мемлекетаралық бағдарларға да шығуға рұқсат алатын болады»,- деп атап өтті А. Жанкелді.
Оның айтуынша, жаңа жылжымалы құрамдарға қойылатын маңызды талаптар – көлемін арттыру, жөндеу аралығы мерзімін ұзарту, конструкциялық жылдамдық, жүк көтеру қуатын көбейту, жүк вагондарының қорабының салмағын азайту. Бұл өз кезегінде теміржол жылжымалы құрамын соңғы үлгідегі жүк вагондарымен жаңғырту, парктің жалпы жүк көтеру деңгейін, жылдамдығын қызмет көрсету сапасын, тасымалдау қауіпсіздігін көтеруді қамтамасыз етеді.
Жүк вагонына қойылатын талаптар биылғы жыл аяғына дейін бекітіліп, қаржылық институттар арқылы Бағдарламаны қаржыландыру механизмі қарастырылатын болады.
«Жұмыс тобы өзіміздің меншіктегі жүк вагондарын шығару өндірісін қаржыландыру көздерін қарастыруда. Дайындаушы зауыттарға және жергілікті үлесті көтеру арқылы импорталмастыруға Мемлекеттік қолдау көрсетуге жеңілдіктер жасау шаралары белгіленіп отыр»,-дейді А. Жанкелді.
«Жүк вагондарын шығаруды қолдаудың Бағдарламасын жүзеге асыру арқылы жылына 6 жүк вагоны өндірістен шығарылса, 1,5 мың жұмыс орны ашылады, еңбек көрсеткіші 1,9 есеге көтеріледі»,-дейді «ҚТЖ» ҰК» АҚ Техникалық орталығының басшысы.
Атап өтерлігі, қазіргі таңда Қазақстанның жалпы жүк вагондары мүкәммәл мүлкі паркінде 130 мың вагон бар. Оның ішінде 54 мың вагон «Қазтеміртранс» АҚ меншігіне кіреді. 2022 жылдарға дейін пайдалану мерзімін өтеген 23 мың вагонды есептен шығару қажет болса, оның 12 мыңы «Қазтеміртранс» АҚ иелігінде тұр.
-
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Өңірді дамытудың өзектілігі -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті