• Басты
  • Ауылдық тұрғындар бизнес жобаларын жүзеге асыру үшін 10 млн теңге ұтып алды
25 Қазан, 2017 16:24

Ауылдық тұрғындар бизнес жобаларын жүзеге асыру үшін 10 млн теңге ұтып алды

«Болашаққа қадам» республикалық байқауы ауылдық тұрғындарға өздерінің аймақтарында бизнес әдістерді жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Бұл туралы «Азаматтық бастамаларды қорғау орталығы» басқарма төрағасының орынбасары Гүлнар Ұралова «Strategy2050.kz» АА тілшісіне Астанадағы дөңгелек үстел барысында мәлімдеді.
Ауылдық тұрғындар бизнес жобаларын  жүзеге асыру  үшін   10 млн теңге ұтып алды

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы»  басқарма төрағасының орынбасары  аталмыш байқау қалай өткендігі туралы айтып өткен болатын.

«Биылғы жылы үш байқау өтті, грант саны  57-ні құрады. 57 әлеуметтік  жобаға  615 млн-нан астам теңге бөлінді. Грантқа ие болған  Ақмола облысының «Әйел шуағы» қоғамдық ұйымы. Грант  10 млн теңгені құрады», - деді Гүлнар Ұралова.

Жоба аясында  144 өтініш берілді, оның ішінде байқау комиссиясы  30 үздік жобаны іріктеп алды, оның ішінде  7-уі  500-ден  700 мың теңгеге дейін қаржылық қолдауға ие болды.

«Аталмыш жобалар  ауылдық мазмұнды, тауық, қоян өсіру бағытына арналған. Байқауға қажеттілігі жоғары жандар да қатысты. Аталмыш жобалардың әртүрлі болуын қадағаладық», - деді ол.

Байқау жеңімпаздарының бизнес жобалары  келесі салаларға бағытталған:

-Ақтөбе облысы – «Қоян өсіру және көбейту» жобасы

- Алматы облысы  - «Планшеттік, қолғап қуыршықтарын әзірлеу шеберханасы»

- Батыс Қазақстан  облысы – «Қаз бен тауық өсіру бойынша шағын құс фермасын ашу»

- Қостанай облысы  - «Құрылыс және әрлеу материалдарын мобильді өңдеу» жобасы

- Маңғыстау облысы  - «Қонақ үй қызметтерін ұсынатын табиғи кешенді абаттандыру және жөндеу»

- Маңғыстау облысы  - «Мақта матадан тігілген - таза өнім» жобасы

- Павлодар облысы - «Автомастерская «LONG» жобасы.

«Жобаның басты мақсаты – еңбекпен қамту.  Әр бизнес жоба аясында адамдарды жұмыспен қамту шарты тұрады. Гранттың сомасы – 500-700 мың, жеңімпаздар үлкен бизнеске алғашқы қадам жасайды», - деді ол.

Ақбота Күзекбай

Фото: автор

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды