- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда 140 млрд теңгенің ипотекалық несиеcі қайта несиелендірілді
Қазақстанда 140 млрд теңгенің ипотекалық несиеcі қайта несиелендірілді
«Мемлекет басшысы ипотекалық несиелердің мәселесін шешуді тапсырған болатын. Бүгінде аталмыш мәселені шешу мақсатында ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыру аясында жалпы сомасы 140 млрд теңгенің ипотекалық несиесі қайта несиелендірілді. Астана қаласы бойынша 160 млн теңгеге ипотекалық несие қайта қаржыландырылды. Осылайша жалғыз баспанасы бар елордалық 1997 борышкердің мәселесі оң шешімін тапты. Жалпы мұндай бағыттағы жұмыстар еліміздің барлық аймақтарында бірдей жүзеге асырылуда», - деді ҚР Ұлттық банк төрағасының орынбасары Алпысбай Ахметов.
Ұлттық банктың берген мәліметіне сүйенетін болсақ, 2017 жылғы қыркүйекте заңды тұлғаларға берілген кредиттердің көлемі 8 779,3 млрд. теңгеге дейін 1,4%-ға, жеке тұлғаларға берілген кредиттер көлемі 4 443,2 млрд. теңгеге дейін 1,5%-ға ұлғайды.
Ал, ұлттық валютамен берілген кредиттердің көлемі бір айда 9 485,3 млрд. теңгеге дейін 2,5%-ға ұлғайды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға берілген кредиттер 3,2%-ға, ал жеке тұлғаларға берілген кредиттер 1,6%-ға өсті. Шетел валютасымен берілген кредиттердің көлемі 3 737,2 млрд. теңгеге дейін 1,2%-ға азайды, оның ішінде заңды тұлғаларға берілген кредиттер 1,3%-ға, жеке тұлғаларға берілген кредиттер 0,4%-ға азайды. Теңгемен берілген кредиттердің үлес салмағы бір айда 71,0%-дан 71,7%-ға дейін ұлғайды.
Бұдан басқа, ұзақ мерзімді кредиттер көлемі 11 107,6 млрд. теңгеге дейін 1,3%-ға ұлғайды, қысқа мерзімді кредиттер көлемі 2 115,0 млрд. теңгеге дейін 2,1%-ға ұлғайды.
Атап өтер болсақ, 2017 жылғы қыркүйекте банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютамен берілген кредиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 13,1% (2016 жылғы желтоқсанда – 14,5%), жеке тұлғаларға берілген кредиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 18,8% (18,4%) болды.
Мөлдір Асқарқызы
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады