- Басты
- Жаңалықтар
- Оңтүстікте тоғыз айдың ішінде 153 мың тонна ет өндірілді
Оңтүстікте тоғыз айдың ішінде 153 мың тонна ет өндірілді
Жалпы аграрлы аймақта осы жылдың тоғыз айында құны 376,5 млрд теңге болатын ауыл шаруашылығы өнімі өндірілді. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 57 млрд. теңгеге көп. Өндірілген өнімнің 172 млрд. теңгесі мал шаруашылығы бағытында болса, 203,5 млрд. теңге көлеміндегі өнім егін шаруашылығы бойынша түскен.
Мәселен, ірі қара малдың саны өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 5,8 пайызға артып 950 мың басты, қой мен ешкі 1 пайызға артып 4 млн. 252 мың басты, жылқы 19,5 пайызға көбейіп 291 мың басты, түйе 6,9 пайызға, яғни, 26 мың басты, ал құс саны 2,6 млн басты құраған.
Статистикалық мәлімет бойынша, облыстың барлық ауыл шаруашылық санаттарындағы өндірілген өнім бойынша да өсім байқалады. Атап айтар болсақ осы жылдың тоғыз айында өңірде 153,4 мың тонна ет (тірі салмақта) өндірілді, бұл өткен жылғымен салыстырғанда 4,9 пайызға көп. Ал осы уақыт ішінде 575,4 мың тонна сүт өндіріліп, 101,9 пайызға, 254,6 млн. дана жұмыртқа өндіріліп, 109,6 пайызға артып отыр.
Мұнан бөлек, мал шаруашылығын дамыту мақсатында жасалынған мемлекеттік «Сыбаға» бағдарламасымен 14 516 бас ірі қара, «Алтын асық» бағдарламасымен 26 230 бас қой, «Құлан» бағдарламасы аясында 2557 бас жылқы сатып алынып, мал тұқымы асылдандырылған.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері