• Басты
  • Қазақстанда жылдық инфляция 7,1 % деңгейінде қалыптасты - Д.Ақышев
25 Қазан, 2017 12:36

Қазақстанда жылдық инфляция 7,1 % деңгейінде қалыптасты - Д.Ақышев

Қазақстанда жылдық инфляция 7,1 % деңгейінде қалыптасты. Бұл туралы ҚР Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында хабарлады.
Қазақстанда жылдық инфляция  7,1 % деңгейінде қалыптасты - Д.Ақышев | Strategy2050.kz

«Қазақстанда жылдық инфляция  7,1 % деңгейінде қалыптасты. Жалпы, инфляцияның құрылымында көбіне азық-түлікке жатпайтын заттар қымбаттаған, дәлірек айтсақ олардың құны 8,2%  артқан. Ал, азық-түлік өнімдері 7,8%-ға қымбаттады», - деді сөз басында Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев.

Жалпы, спикердің айтуынша, инфляциялық процесстер болжамға сәйкес деңгейде болуда.

«Девальвациялық күтулерге келетін болсақ, олар өсті. Алайда Ұлттық банктың жүргізген валюталық интервенциясы аясында жағдай бірден тұрақтады. Бұл мақсатта 70 млн теңге жұмсалды. 2017 жылғы қыркүйекте теңгенің айырбастау бағамы бір АҚШ доллары үшін 334,29-341,61 теңге аралығында өзгерді. 2017 жылғы қыркүйектің соңында теңгенің АҚШ долларына қатысты биржалық бағамы бір айда 1,2%-ға (жыл басынан бастап 2,4%-ға) әлсіреп, бір АҚШ доллары үшін 341,19 теңге болды. Жалпы, жыл басынан бері теңге 0,5-ға әлсіреді», - деді ол.

Мемлекеттік сектордың сыртқы борышына келетін болсақ,  ол негізінен халықаралық  капитал  нарығында шығарылған  тәуелсіз еурооблигациялар құнының  өсуі және  бейрезиденттер  тарапынан Ұлттық Банктің  қысқа мерзімді  ноттарына  деген  сұраныстың  артуы есебінен  0,4 млрд. АҚШ долларына өскен.

«2017 жылғы 1 шілдеде Қазақстан Республикасының сыртқы борышы 167,9 млрд. АҚШ доллары болды, оның 7,9%-ы немесе 13,2 млрд. АҚШ доллары – бұл мемлекеттік сектордың сыртқы борышы, 3,7%-ы немесе 6,2 млрд. АҚШ доллары – «Банктер» секторының сыртқы борышы, 25,2%-ы немесе 42,4 млрд. АҚШ доллары – «Басқа секторлардың» тікелей инвестицияларға байланысты емес берешегі. Қалған 63,2%-ы немесе 106,1 млрд. АҚШ доллары осы сектордың фирмааралық берешегін құрайды.  Ал, 2017 жылғы 1 - жартыжылдықта елдің сыртқы борышының көлемі  4,2 млрд. АҚШ долларына, оның ішінде  2017 жылғы  2-тоқсанда 2,4 млрд. АҚШ долларына ұлғайды», - деп түйіндеді Д.Ақышев.

Айта кетерлік жайт,  жалпы ішкі өнімнің (ІЖӨ) және тауарлар мен қызметтер экспорты (ТҚЭ) көлемінің өсуі  сыртқы  борыштың салыстырмалы түрдегі өлшемдерінің жақсаруына себепші болды: 2017 жылғы  1 шілдедегі  жағдай  бойынша  сыртқы  борыштың ЖІӨ-ге  қатынасы 112,4% (2016 жылдың соңында 119,3%),  ал сыртқы  борыштың ТҚЭ қатынасы – 336,6% (375,8%) болды. 2017 жылғы 1-жартыжылдықта Қазақстанның таза сыртқы борышы 3,1 млрд. АҚШ долларына 41,2 млрд. АҚШ долларына дейін (ІЖӨ-ге қатысты 27,6%) ұлғайды.

Мөлдір Асқарқызы

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды